Қарағандыда қарызынан құтыла алмаған жігіт өзіне қол жұмсады

0
332

Қарағандыда өзін бопсалаған адамдардың кесірінен асылып қалған жігіт есін жиды деп хабарлайды «Новый вестник».

Қарағандыда қарызынан құтыла алмаған жігіт өзіне қол жұмсады
22 қаңтар күні Рустамның анасы Светлана Шагвалиева көмір сақтайтын қорада өз ұлының асылып тұрғанын көрген. Қатты қорыққан ол дереу дәрігерлерге хабарласып, жігітті жіптен шешіп алған.

Қуанышқа қарай, дәрігерлер жігітті аман алып қалды. Алайда Рустамның мұндай қадамға бекер бармағаны белгілі болды. Ол өзіне қол жұмсамас бұрын туысқандарына бір тілім қағаз қалдырып, қарызға белшесінен батқандықтан мұндай әрекетке барғанын жазыпты.

«Соңғы кезде ұлым түсініксіз күйге түсті. Бізбен ашылып әңгіме айтпайды. Үйге жалақысын әкелуді қойды. Бізге белгісіз мақсат үшін несие алды», – дейді Рустамның әкесі.

Осыдан соң, жігіттің ата-анасы барлық банктерді аралап, ұлдары Рустамның атында үш несие барын анықтаған. Ал Рустам болса, өзінен ақша бопсалаған екі адамның атын жазып қалырыпты.

«Ұлымызды кімнің бопсалағанын білеміз. Тіпті, біреуін өте жақсы танимыз. Ол осы аудандағы бұзақы адам. Оны полиция бірнеше рет алып кетсе де, үнемі қайта оралатын. Рустам секілді мінезі жұмсақ адамдар оларға олжа», – дейді Светлана Шагвалиева.

Бүгінде полиция Рустамды бопсалаған адамдарға қатысты іздестіру жұмыстарының басталатынын айтты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз