Дағдарыс кезінде қысқарып қалған жұмысшылар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында жолдардың құрылысына қатысуы мүмкін.
Бұл туралы ҚазТАГ Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсаиновқа сілтеме жасап хабарлады.
«Орталықтан еліміздің барлық бағыттарына салынатын жолдардың («Нұрлы жол» аясындағы президенттің тапсырмасы бойынша – ҚазТАГ) жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асады. Бұл дегеніңіз бұл жолдардың құрылысын жүргізу мерзімі ең аз дегенде 4-5 жыл. Бұл уақытша жұмыс емес, бұл белгілі бір адамдар тобының жұмысқа орналасуына үлкен көмек, яғни біз айтып отырған жағдайда (дағдарыс кезінде қысқарып қалғандар үшін – ҚазТАГ)», – деді Әбілғазы Құсаинов Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамыту мәселелері бойынше сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, жолдардың құрылысы барысында «жедел» жұмыс орындары құрыла бастайды.
«Зауытта бір жұмыс орнын ашу үшін ең аз дегенде үш жыл, құрылыс, мамандарды оқыту, станоктарды орнату және оны іске қосу керек. Ол үшін үш жыл қажет. Ал, автомобиль жолдарының құрылысы барысында жұмыс орындарын ашу уақытты қажет етпейді», – деп есептейді федерация басшысы.
Ол атап өткендей, «Нұрлы жол» жобалары аясында 200 мыңнан астам «жедел» жұмыс орнын ашу жоспарланған.