Ақтөбеде бір топ жұмысшы өткен жылдың қазан айынан бері жалақы алмаған

3
33
Ақтөбеде бір топ жұмысшы өткен жылдың қазан айынан бері жалақы алмаған
Еңбекақы төлемеу дерегі тағы бір өңірде тіркеліп отыр. Ақтөбе облысында елу шақты жұмысшы өткен жылдың қазан айынан бері еңбекақы көрмеген деп хабарлайды Астана арнасы.Облыстық еңбекті қорғау департаментінің ақпаратына сәйкес, «Лайнс Джамп» серіктестігі қызметкерлеріне 20 млн теңге қарыздар. Жалақысыз отырған жұмысшылар шарасыздықтан күн сайын мекеменің кеңсесін торуылдап жүр. Қарызын өтеуге асықпаған компания басшылығы жұмысшылармен тілдесуге құлықсыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін де табалдырықтан аттап бастырмады. Жұмысшылар болса келісімшарттың әр талабын толық орындауды талап етуде.

«Қазан айынан бастап күні бүгінге дейін 300-ден астам бережақтары бар. Көршілерден қарызға 3 мың сұрайсың, кейде 5 мың сұрайсың. Тіпті қарыз көбейіп кетті. Енді әрі қарай қалай күн көрерімізді білмеймін», — дейді «Лайнс Джамп» ЖШС қызметкері Шарбану Төребаева.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері жұмысшылардың арызын қабылдаған. «Тиісті шаралар қолдануға кірісіп те кеттік», — дейді инспекция мамандары.

Аталмыш компания жұмысшылар алдындағы қарызын жақын күндері өтеуі тиіс. Бас тартқан жағдайда іс сотқа жолданады.

«42 жұмысшыға жалақысы толық төленбегені рас. Бүгінгі таңға компанияның жалақыға қарызы 20 млн теңгеден асқан. Мемлекеттік инспекторлар 2015 жылдың 5 ақпанына дейін жалақыны төлеу туралы нұсқау берді», — деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Асылан Қоспамбетов.

Сонымен қатар Қоспамбетов «Лайнс Джамп» серіктестігінің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын да атап өтті.

По сообщению сайта Nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз