Алматы колледжінде мұғалім студенттерді таяқтың астына алған

0
349
1.5Алматыдағы оқу орындарының бірінде ұстаздар шәкірттерін балағаттап, тіпті қол көтеру арқылы білім береді екен.

Сабақ барысында тәлімгерлердің бірі жасырынып ұялы телефонына оқытушы мен шәкірт арасындағы кикілжіңді түсіріп алған. Автомеханика колледжінің басшылары болған жайтты мойындап, мұғалімге қатысты тиісті шара қолдандық дейді.

Алматыдағы Автомеханика колледжінде болған кикілжіңнің жасырын түсірілген видеосында мұғалімнің боқтыққа толы айқайы мен студентке қол көтерген сәті анық көрінеді. Ал дөрекі ұстаз арнайы пән мұғалімі екен.

Ата-аналар тарапынан түскен шағымға бірден шара қолданған директор мұндай жайттың тұңғыш рет болғанын айтып ақталды.

Көлік жөндеу шеберлері мен темір ұсталарын даярлап шығаратын оқу орнында 700-ден астам студент оқиды. Түгелдей ұл балалар. Сондықтан тәртіп бірінші кезекте дейді басшылық. Тіпті, әр сабақта бір ата-анадан келіп қатысады екен.

Ал қалалық білім басқармасының өкілі өзге мектептерден қуылған оқу үлгерімі нашар, тәртібі төмен оқушылар осында келіп, тәп-тәуір білім алып шығатынын айтты. Алайда 2-3 ай бұрын болған келеңсіздікті енді естіпті.

«Кеше ғана естідім. Бүгін нақты көзбен көру үшін осы оқу орнына келдім. Өткен аптада Тамара Мұхтархановна жағдайды айтқан болатын. Ата-аналар тарапынан өтініш түсіп, мен оқытушыны жұмыстан шығаруға мәжбүр болдым. Сондықтан, құрметті әріптестер, сіздердің назарларыңызға осындай оқытушыны жұмысқа алмауларыңызды сұраймын. Осы жағдай қайталанбас үшін», — дейді  Алматы қалалық білім басқармасының маманы Ләззәт Жылқыбаева.

Қалалық білім басқармасы мен тілшілер келеді дегенді естіген оқу орнының басшылары бар жақсыларын асырып, жамандарын жасыруға тырысты. Ал колледж директоры дөрекі мұғалім мен біліксіз мамандарға оқу орнының қабырғасында орын жоқ деп төрт бірдей қызметкерді жұмыстан шығарып жіберіпті.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз