Атырауда облыс әкімінің әйеліне тиесілі компания жол жиегін салуда

4
82
Атырауда облыс әкімінің әйеліне тиесілі компания жол жиегін салуда
Атыраулықтар қаладағы жол жиегін граниттеуге жұмсалған қыруар қаражатты — ысырапшылыққа балап отыр.
Тұрғындардың пікірінше, жол жиегін жаңалаған компания әйелінікі болғандықтан, Атырау облысының әкімі бордюрларды әдейі ауыстыртқан көрінеді.

Алайда, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов болса, өз туыстарын — жұмысына жолатпайтынын айтып, сұхбат берді.

Бұрынғы әкімі істі болып, бюджет қаражатын қолды қылды деп айыпталғаннан кейін, Атырау облысы әкімінің орынтағына Бақтықожа Ізмұхамбетов келгелі, ауыз толтырып айтарлықтай атқарылған ауқымды іс деп, қалалықтар осы құрылысты меңзеп отыр.

Яғни жол жиегіне жүргізілген анау-мынау емес, гранит тастардың қойылуына аз ақша кетпегені анық. Бірақ атыраулықтар, «онсыз да бұрынғы билікке тоналғанымыз аз ба еді, ел есін жиғанша, халық қазынасын үнемдей тұру керек еді» деген пікірде.

Ізмұхамбетовтің жасаған жұмысын айтайын, Бергей Рысқалиевтің салып кеткен тас бардюрін жұлып тастап, мрамордан бордюр салды. Ал мрамор-бордюр қанша ақша?

«Ізмұхамбетовтің жасаған жұмысын айтайын, Бергей Рысқалиевтің салып кеткен тас бардюрін жұлып тастап, мрамордан бордюр салды. Ал мрамор-бордюр қанша ақша? Кімнің ақшасына салып жатыр?», — дейді Атырау облысының тұрғыны Сағынғали Қапизов. 

Бұрынғы басшысы істі болса да, атқарған шаруасын атыраулықтар әлі айтып жүр. Ал  қазіргі басшының жұмысы дегенде, бірден тек жол жиегі сөз болады. «Қандай пайдасы бар бордюрлардың? Жыл сайын бәленбай ақша бөліп, қаланы көркейтпей ме одан да?», — дейді тұрғындар.

«Әсемдік үшін жақсы болғанмен, тиімсіз деп ойлаймын бюджетке.  Біздің өңірде қаражат бөлетін басқа да мәселелер бар ғой. Мұқтаж жандар бар, үйге, балабақшаға  бөлінсе дейміз», — дейді облыс тұрғындары.

Тіпті, халық арасында «жол жиегін жаңалаған компания — облыс әкімінің әйелінің компаниясы болуы мүмкін» деген қауесет жүр.

Сағынғали Қапизов граниттің  Ізмұхамбетов әйелінің Оралдағы цехынан алынғанын айтады.  Алайда, өңір басшысы бұл пікірді жоққа шығарды. Және өзінің жол жиегін емес, жол салғанын атап айтты.

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қаланың 16 көшесі, яғни 30 шақырым жол жаңаланған. Ол үшін, бюджеттен 2 миллиард 880 млн теңге бөлініпті.

«Ешбір бордюрдің қай жерден шығатынын білмеймін. Өйткені, оны жасап жатқан мамандар бар. Ешқандай менің бизнесім жоқ! Әйелімнің де бизнесі жоқ! Сосын ағайындарымның арасынан бизнесін іздейтін әдетім жоқ. Және менің жұмыстағы принципім — ешбір уақытта өзімнің қасымдағы адамдарға ағайын туыстарды жинамаймын!», — деді Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Ешқандай менің бизнесім жоқ! Әйелімнің де бизнесі жоқ! Сосын ағайындарымның арасынан бизнесін іздейтін әдетім жоқ.

Ал жол жиегінің қолдан құйылмай, граниттелуінің өз себебі бар, — дейді өңір басшысы. Өйткені, қолдан құйылған бордюр ары кетсе, 2-3 жылға шыдас береді екен. Ал граниттен жасалған жол жиегі 20-30 жылға дейін төзеді.

Сондай-ақ, Бақтықожа Ізмұхамбетов атыраулықтардың риза екендіктеріне 100 пайыз кепілдік беретінін атап өтіп, «атыраулықтар — өмірде көрмегенін көріп отыр» — деген пікірде.

По сообщению сайта Nur.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. жел шықпаса шөптің басы қимылдамайды. жолға гранит тас төсеудің қажеті қанша. ақша жеудің әдісі. бір гранит тастың құны қанша екен.

  2. обылыс әкімі болған адам осылай болу керек. бүгін бар ертең жоқ билік, қолдың кірі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз