ОҚО-да аса ауыр қылмыстар жасаған топтың жетекшісі ұсталды

0
441
ОҚО-да аса ауыр қылмыстар жасаған топтың жетекшісі ұсталды
Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары Түркістан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін қамауға алды. Оған аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылуда деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, іс-шара барысында, қаладағы көшелердің бірінен ІІМ-нің арнайы есебінде тұратын, 1988 жылы туған азаматты ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі деген күдікпен құрықтады.

Ұстау операциясы кезінде күдікті полиция қызметкеріне бағынбай, белсенді түрде қарсылық көрсетіп, өзінің басқаруындағы «БМВ-525» маркалы автокөлігімен полиция қызметкерін соққыға жығып, белгісіз бағытқа қашып кетуге әрекет жасаған.

Күдіктіні тінту кезінде одан «Страж» тапаншасы мен оқтары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, күдікті азаматтың басқаруындағы «БМВ-525» автокөлігін тексеру барысында, полиция қызметкерлері аталған автокөліктің 40 жастағы облыс орталығы тұрғынының меншігінде болғанын, 2014 жылдың қазан айында айдап әкетілген автокөліктердің тізіміне енгізілгенін анықтады.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел тексеруі кезінде, ұсталған азаматтың жасаған қылмыстары аса ауыр қылмысқа жататыны анықталды. Оның ішінде «Бас бостандығынан заңсыз айыру», (қылмыстық кодекстің126-бабының 2 — тармағы), «Өкімет өкіліне қарсы тұру» (қылмыстық кодекстің192 — бабының 2-тармағы), «Автокөлікті айдап кету» (қылмыстық кодекстің 185-бабының 3 — тармағы) сынды қылмыс түрлері бар.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз