
Лебяжі аудандық сотының шешімімен Лебяжі ауданы ішкі істер бөлімінің басшысын қамауға алуға санкция берілді деп хабарлайды, Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Лебяжі аудандық сотында Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісінің Лебяжі ІІБ басшысын пара алғаны үшін қамауға алу туралы өтінішхаты қаралды.
26 қаңтарда Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Лебяжі ІІБ басшысы өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, біреудің туған інісінің қылмыстық іс бойынша бас шарасын өзгерту мақсатында 500 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікпен ұсталды.
Қаңтардың 29 полиция қызметккеріне өзінің қызмет бабын пайдала отырып жасаған қылмысы бойынша айып тағылды. Тергеу сотының қаулысы негізінде айыпталушыны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.
По сообщению сайта Nur.kz