Банкирлер теңге курсын түзету немесе шекараны жабуды ұсынды

2
84

Қазақстандағы банк секторының ел экономикасын несиелендіруге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.Банкирлер теңге курсын түзету немесе шекараны жабуды ұсынды

«Бүгін біз қарапайым түрде теңгенің тапшылығын көріп отырмыз. Әсіресе банк секторында. «Ұлттық банктен» 15 пайыздық жарнамен алатын қаражат теңгенің өтелімін қамтамасыз етіп отыр. Ал енді экономиканы несиелендіру туралы айтар болсақ, банк секторында қаражат жоқ. Жаңа кәсіпорындарды айтпағанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға көмек көрсету қиынға түсіп отыр», – дейді «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Сондай-ақ ол бұл өтелмейтін несиелер мәселесіне алып келуі мүмкін екенін айтты. Қазірдің өзінде кей компаниялардың жұмысшылар алдында қарыздары бар. Кәсіпорындардың алған қаражаттарын өтей алмауы, отандық экономиканың дамуын тежейтінін атап өтті.

Үміт Шаяхметова, қазіргі жағдайда отандық өндірісті қолдау үшін, екі жол болуы мүмкін, дейді: теңге курсын түзету немесе шекараны жабу. Бірақ, оның ойынша, шекараны «жабу» – Қазақстан экономикасы үшін тиімді әрі жеңіл «соққы» болады.

2 ПІКІРЛЕР

  1. мұндай мәселені ашық айту үшін жүрек керек. түсіндіргеніңізге рақмет!

  2. мемлекеттегі өте үлкен мәселенің басын ашқаны үшін Үміт орнынан кетіп қалуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз