Генерал Жоламановтың сыбайласы өміріне төнген қауіп жайлы айтты

0
321

Нұрлан Жоламановқа қатысты тағы тың дерек шықты. Генералмен бірге шатылып жатқан күдікті Алматыдағы №2458 әскери бөлімінің командирі, қазір үйқамақта отырған Қайрат Балмағамбетов өмірі үшін алаңдаулы деп хабарлайды КТК арнасы.

Генерал Жоламановтың сыбайласы өміріне төнген қауіп жайлы айтты
Себебі Шекара қызметінің бұрынғы басшысының былығын жариялағанда ол: «өзімді өлтіріп кететін еді»- деп отыр. Балмағамбетов бұл туралы бүгін сот отырысында айтты.

Полковник бастапқыда бетпе-бет кездесуде «параны генералмен бөліскен жоқпын» деп түсінік берген екен. Ал тергеушілер жеке жауап алғанда, Жоламановқа пакет толы ақша тасығанын мойындапты.

Сөйтсе, Балмағамбетов Жоламановтан қатты қорыққаннан екі сөйлегенін мойындап отыр. Егер бар былықты жайып салсам, генерал тапсырыс беріп отбасыммен бірге қырып кете ме деп қауіптеніпті.

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов пен Алматыдағы №2458 әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және 252 миллионнан астам пара алды деген айып тағылуда.

Десе де басты күдікті өзіне жаң жуытпай отыр. Ал оның сыбайласы Балмағамбетов кінәсін толық мойындаған.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз