Қытайлық бозбала интернет-тәуелділіктен құтылу үшін қолын кесіп тастады

2
65
Қытайлық бозбала интернет-тәуелділіктен құтылу үшін қолын кесіп тастады
Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Нантонг қаласында Ван есімді 19 жастағы бозбала интернет-тәуелділіктен арылу мақсатында өз қолын кесіп тастады деп хабарлайды The Telegraph.
Жас жігіт үйінен пышақ алып шығып, көшедегі орындықта қолын білектен төмен қарай кесіп тастаған. Мұнан кейін ол такси шақырып, ауруханаға өз аяғымен барыпты. Ал куәгерлердің айтуынша, оның қолы сол күйі орындық маңында қалып қойған көрінеді.«Біз әліге дейін бұл жайтқа сене алар емеспіз. Бәрі аяқасты болды. Ол өте ақылды, зерек бала еді» дейді қолсыз қалған жігіттің анасы.

Үйінен шыққан кезде бозбала анасына «Апа, мен ауруханаға кеттім, кешке келемін, уайымдамаңыз» деп хат та жазып кеткен екен. Тәртіп сақшылары болса оқиға орнынан баланың қолын тауып алып, ауруханаға апарып берген.

Дәрігерлер оны науқасқа қайта жалғап берді. Дегенмен, қолдың қаншалықты бітіп кетері белгісіз дейді олар.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. олда болса ерлік. құрметті ата ана балаларыңызға абай болыңыздар.

  2. ақымықтық болсада. ауырудан құтылудың басқа жолын таппаған ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз