Мұхтар Әбілязов Мәскеу сотына мүлкін тәркілемеу туралы шағым түсірді

2
72
Мұхтар Әбілязов Мәскеу сотына мүлкін тәркілемеу туралы шағым түсірді
Францияда ұсталған  БТА-Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Мәскеу қалалық сотына оның ресейлік мүлкін тәркілеуге қатысты шағымданды, деп хабарлады РАПСИ агенттігіне соттың баспасөз қызметінен.
«Мүлікті тәркілеуге рұқсат берген Мәскеудің Тверской сотының шешіміне шағым түсті. Ол 9 ақпанда қаралады», —деді агенттік тілшісі. Ол қандай мүлік туралы айтылып отырғанын нақтыламады.

БТА Банкінен алты миллиард доллар сомалық активтерді жымқыруға қатысы бар деп айыпталып отырған Мұхтар Әбілязовті 2013 жылы 31 шілдеде Ниццадағы үйінде жасырынып жатқан жерінен Францияның арнайы күштері ұстады.

Әбілязов жетекшілік еткен БТА Банкінің шотында 15 миллиардтан астам қаржының кем шыққаны белгілі болғаннан кейін, 2009 жылдан бастап ол Қазақстан сот органдарынан жасырынып жүрді. Мұхтар Әбілязов осы қаржыны жымқырды деп айыпталды.

Қазіргі таңда оған Қазақстанда айлакерлік және астыртын әрекет жасаумен БТА Банкінің қаржысын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топты құру және ақшаны жылыстату фактілері бойынша айып тағылған.

2009 жылдың наурыз айында Әбілязовті қамауға алу жөнінде халықаралық ордер берілді.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз