
Шығыс Қазақстан облысындағы Половинка ауылы маңында орналасқан түзету мекемесінде сотталушы азамат өз тілін тістеп тастады деп хабарлайды yk-news.kz.
Адам өлтіргені үшін 12 жылға сотталған ол шылым шегетін бөлмеде тілін тістеп алған. Осыдан соң, дереу дәрігерлер мен полиция шақыртылды.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері сотталушының бұл әрекетке баруына мекеме әкімшілігімен арадағы келіспеушілігі себеп болған дейді.
Сотталушы түзету мекемесінің қызметкерлері Қазақстан Әнұранын күштеп айтқызғанын, ар-намысына тиетін сөздер айтып, абыройын төмендеткенін айтқан.
Осыдан соң, сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
По сообщению сайта Nur.kz