Еуразиялық одаққа мүше елдерде көлікті арнайы дилерлер әкеледі

2
41
Еуразиялық одаққа мүше елдерде көлікті арнайы дилерлер әкеледі
Отырысқа дайын болмай келіп, депутаттардан «екі» деген баға алып шыққан Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Еуразиялық одаққа мүше елдерден көлік әкелуге қатысты түсінік берді.
Шенеунік Ресей мен Беларусьтен көлікті әркім өзі барып емес, тек арнайы дилерлер арқылы әкеліп сатуын жолға қоюды қарастырып жатырмыз деді. Егер Ресейдің көліктерін арнайы компаниялар әкеліп сататын болса, одаққа мүше елдер арасындағы баға бірдей болады деді шенеунік.

Сондай-ақ алдағы жұма күні Мәскеуде өтетін жиында Қазақстанға Ресейден көлік пен құс етін тасымалдауға тыйым салу туралы мәселе талқыланбақ. Алайда, депутаттар бұл мәселені Қазақ Үкіметі өте кеш көтеріп отыр дейді. Өйткені, одақ жұмысын бастағалы бері елімізге Ресейден 40 мыңнан астам көлік әкелінген.

Демек, биылғы жылы автокөлікке нарық толып, отандық компаниялар ұсынған темір тұлпарларды ешкім сатып алмайды дейді. Оның үстіне, алдағы жарты жыл ішінде Ресейдегі көлік бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін деп болжайды.

«Жақын арада 3-4 ай ішінде Ресейдегі бағалар бұрынғы дәрежесіне түседі. Себебі Ресейдегі шикізаттың көбісі импортталған», — дейді депутат Азат Перуашев. 

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз