Анджелина Джоли өміріне төнген қауіпке қарамай Ираққа барды

0
51

5544d1dfc2242d5e3bf3f7a480818c7c

Анджелина Джоли БҰҰ-ның арнайы тапсырысымен Ирақтың солтүстік аудандарына барып, сонда халықпен жүздесті. Анджелина осы сапары барысында Ирақ пен Сирия үкіметіне көңілі толмайтынын, қарапайым халықтың жапа шегіп жатқанына өзінің қарсы екенін мәлімдеді. Атап айту керек атақты әртістің бұл сапарның оның өміріне аса қауіпті.

Анджелина Джоли 2007 жылдан бері қарай Ираққа 5 рет сапарлай барған. Бұл реткі сапары оның Ирақтағы көрген ең нашар көрінісі екенін айтты.

Ол өз сөзінде мемлекеттің халыққа дұрыс қарамайтынын айыптады және өз міндеттерін атқармай отырғанын сөкті. Сондай-ақ, ол әлем халқынан үйсіз-күйсіз ирақтықтарға көмек қолын созуын өтінді.

«Көптеген бейкүнә жандар Сирия үкіметі мен лаңкестердің террорлық әрекеттерінен зардап шекті, мемлекет пен қоғам бұл істерге белсене араласып, көмек жасауы керек» деді Анджелина Джоли.

Анджелина Джоли алдыңғы рет Ираққа келгенде осындағы 200 мыңнан астам адам өздерінің туған жерлерін тастап кеткенін көрген-ді. Терроршыларға барымтаға түскен ана-мен бала жайлы ол: «Мен де бір ана ретінде мұндай әрекетке төзе алмаймын» деді.

Ол өзінің кинодағы атақ-даңқы арқылы ресми үкіметтің осы жағдайларға назар аударып, көз салуына әсер еткісі келетінін айтты.

Оның бұл әрекетін өз атағы үшін жасап жатқан жалған бет-бейнесі деп бағалайтындар да бар. Дегенмен, голливуд жұлдыздарының ішінде өз атақ-даңықтарын осындай игі істерге арнап жүргендері сирек.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз