Алматы мен Астанада жанармай бағасы тағы да төмендеді

2
93

Алматы мен Астана қалаларындағы жанар-жағармай құю бекеттерінің көпшілігінде бензин бағасы төмендеді деп хабарлайды Алаш айнасы.

Алматы мен Астанада жанармай бағасы тағы да төмендеді
Алматы қаласында 4 ақпан күнгі жағдай бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 2-3 теңгеге төмендеді. Еске сала кетейік, бұл маркадағы бензиннің әр литрінің шекті бағамы 109 теңге болатын.

Мегаполисте бензиннің бұл бағасы тек «Газпромнефть» жанар-жағармай құю бекеттерінде сақталды. Helios, «ҚазМұнайГаз», Sonar және Castrol жанар-жағармай құю бекеттері АИ-92 бензинінің әр литрін 107 теңгемен сатып жатыр.

Ал Sinoil мен Royal Petrol жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин бір теңгеге арзан. Қала бойынша ең арзан бензин Total Asia жанар-жағармай құю бекеттерінде екені анықталды, мұнда бензиннің әр литрі – 104 теңге. Айта кетейік, Total Asia жанар-жағармай құю бекеттерінің желілері мұндай бағаны 23 қаңтарда қойған.

Сонымен қатар, дизель отынының да бағасы өзгерді. Sinoil мен «Газпромнефть» жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель отынының бағасы – 107 теңге, ал қалғандарында – 105 теңге. АИ-95/96 маркалы бензиннің бағасы 148-ден 157 теңгеге дейінгі аралықта.

Айта кетейік, бұл маркалар үкімет бекіткен шекті бағамдар бойынша қадағаланбайды. Астанада да бензиннің бағасы біршама төмендеді. Helios, «Асқар», Nomad Oil және «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекеттерінің барлығында дерлік АИ-92 бензинінің бағасы 107 теңгеге дейін төмендеді.

Ал Sinoil жанар-жағармай құю бекеттері бұл маркадағы бензиннің әр литрін 106 теңгемен сатып жатыр. Еске сала кетейік, бензиннің бағасы 23 қаңтарда төмендеді, алайда ол кезде Алматының тек бір ғана жанар-жағармай құю бекеті бензинді шекті бағамнан төмен бағада сатты.

Аймақтарда да бензин арзандады, Шымкентте АИ-92 бензинінің әр литрі 105-107 теңгемен, ал Қызылордада 108 теңгемен сатылды.

Источник: Алаш Айнасы

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз