Қарттар үйінде тұратын қарияларға ең төменгі зейнетақы бекітілді

0
320

Медициналық-санитариялық мекемелерде тұратын қазақстандықтар үшін зейнетақының ең төменгі мөлшерінде төлемдерге кепілдік беріледі.

Қарттар үйінде тұратын қарияларға ең төменгі зейнетақы бекітілді
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында ынтымақты зейнетақы төлеуде 30% мөлшерінде шектеулер қарастырылған.

Бірақ ол тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Заң жобасында медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) тұратын азаматтарға берілетін зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары бойынша оңтайландырудың келесі шаралары қарастырылған: біріншіден, азамат үшін аталған төлем жалғыз жәрдемақы болып табылатын жағдайдан басқа кезде алушы тұлға МӘМ тұрған мерзімде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін (қазіргі уақытта оның мөлшері 11182 теңгені құрайды) беруді тоқтату ұсынылады.

Атап айтқанда, МӘМ тұратын тұлғаның зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқысы болмаса (мысалы, босқын, мигрант, тұрғылықты жері жоқ тұлға және т.б.), базалық зейнетақы ол үшін жалғыз жәрдемақы болған жағдайда МӘМ тұрған кезінде төлемдерді ала береді.

Екіншіден, заң жобасында ынтымақты зейнетақы төлеуде 30% мөлшерінде шектеулер қарастырылған, бірақ ол «Республикалық бюджет туралы» Заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (2015 жылы төменгі зейнетақы мөлшері 23 692 теңгені құрайды) кем болмауы қарастырылған.

Яғни, МӘМ тұрған кезеңде белгіленген зейнетақының тек 30% төленеді. Айталық, зейнетақы мөлшері 80 000 теңге болса, МӘМ тұрған кезінде ол 24 000 теңгемен шектеледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз