Қостанайда өзін-өзі атып жібермек болған полиция қызметкері құтқарылды деп хабарлайды Наша газета.
Оқиға бүгін күндізгі сағат 10:00 шамасында Қостанайдағы Майлин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында орын алған.
Қостанайлық полицейлер қара түсті «Лада» автокөлігін тоқтатқан соң, аталған көліктің жүргізушісі – Қостанай облыстық ІІБ қызметкері өзін атпақшы болған.
Қостанай облыстық ІІД мәліметінше, полиция қызметкері көлік ішінде өзін атуға оқталыпты.
Бүгінде Қостанай облыстық ІІД зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ал полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды.
не зорлық болды екен.
қатын, баласы жоқ біреушығар. өзінен басқаны ойламайтын.