Көкшетауда жас жігіт қыз баланы 10 мың теңгеге сатып жіберді.
Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Күдікті азамат 3 ақпан күні ұсталған.
«22 жастағы күдікті 19 жастағы қызды 10 мың теңгеге сатқан. Күдікті ұстаған кезде одан ақша табылды. Ол өз кінәсін мойындады», – делінген хабарламада.
Бүгінде жас жігіт қаладан шықпау туралы қолхат қалдырған. Аталған іске байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Әзірге жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны айтылмайды.
осындайлар өлмейді.
аузы басы ашылған ол қандай қыз, өзін біреудің сатып жібергенін білмей жүрген.