Миына зақым келіп, қайтыс болған 23 жастағы жігіттің ағзасы 4 адамды құтқарды

2
96

Миына зақым келген 23 жастағы алматылық жігіттің жүрегі, бауыры, бүйректері 4 адамның өмірін құтқарды.

Миына зақым келіп, қайтыс болған 23 жастағы жігіттің ағзасы 4 адамды құтқарды
Дәрігерлер жігіттің миы өлгенін хабарлаған соң анасы оның мүшелерін 4 адамға ауыстырып салуға келісім берген. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық №7 ауруханасының бас дәрігері Баймаханов Болатбек хабарлады.

Қазіргі таңда Александрдың жүрегі Астанаға жіберілсе, бір бүйрегі Сызғанов атындағы хиругия орталығына жіберілді.

«Бізде бірінші рет қайтыс болған адамның ағза мүшелерін ауыстыру бойынша алғашқы ота жасалды. Қайтыс болған адамнан алынған мүшелерді қабылдаған адамдардың қазір жағдайлары тұрақты. Шығуға дайындалып келеді», – деді қаланың бас трансплантологы Баймаханов Болатбек.

Донордың бауыры қаңтардың 5 күні 1974 жылы туылған келіншекке, бір бүйрегі 1968 жылы туылған ер адамға салынды. Ота 8 сағатқа созылған.

№7 ауруханада былтыр 222 трансплантологиялық ота жасалды. Оның ішінде жүрекке – 7, бауырға – 25, қалғаны бүйрек ауыстыру бойынша жасалды.

Источник: ИА «Казинформ»

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз