Елімізде шетелде емін-еркін жүруге рұқсат ететін куәлік беріле бастады

2
25
Елімізде шетелде емін-еркін жүруге рұқсат ететін куәлік беріле бастады
Жерлестеріміз енді шетелде де емін-еркін көлік жүргізе алады. Елімізде жер шарының 193 мемлекетінде темір тұлпарды тізгіндеуге мүмкіндікті жаңа жүргізуші куәлігі беріле бастады деп хабарлайды КТК.
Халықаралық мұндай құжат бізде бұрын-соңды болмаған. Енді мынадай жасыл түсті пластикалық куәлікпен сіз кез-келген мемлекетте темір тұлпарды тізгіндей аласыз. Жаңа құжатты әзірге тек 40 адам сатып алған. Бағасы 26 мың теңге.

Куәлікпен бірге ақ түсті кітапша да беріледі. Оны да шетел асқанда қалтадан тастамай алып жүру міндетті. Әйтпесе, өзге елдің жол полицейлері біраз әбігерге салуы мүмкін.

«Ұлттық жүргізуші куәлігімен көп елдерде көлік жүргізе алмайсыз. Мәселен, Бірікке Араб Әмірлігінде біздің құжаттың күші жоқ. Сол себепті де халықаралық жүргізуші куәлігін алу қажет. Оны жүргізушілер қауымдастығының кеңсесінен рәсімдеп аласыз», — Халықаралық жүргізушілер қауымдастығының жетекші маманы Ерлан Ыбыраев.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз