Қостанайда өзін-өзі атып жібермек болған полиция алдымен қызына хабарласқан

0
292
Қостанайда өзін-өзі атып жібермек болған полиция алдымен қызына хабарласқан
Қостанайда полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсауға әрекеттену фактісі бойынша қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Қазіргі уақытта тергеу полиция қызметкерінің оның қызымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Қостанай ІІБ ғимаратынан шыққанын анықтады.

Ол қоңырауларға жауап бермеді, осыған байланысты жол-патруль полициясы оны іздестіруге жұмылдырылды.

10.40-та полицей басқарған автокөлік Майлин көшесінің қиылысынан табылды, патруль жасағы көлікті арнайы құралдар мен қаруды қолданусыз тоқтатты.

Жасақтың оған жақындап келе жатқанында Қостанай ішкі істер басқармасының қызметкері табель тапаншасын басына апарып, шүріппені басып қалғаны жазылған.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз