Ресейдің арзан көлігі отандық компанияларды банкротқа ұшыратуы мүмкін

2
94
Ресейдің арзан көлігі отандық компанияларды банкротқа ұшыратуы мүмкін
Қостанайлық автоөндірушілерді Ресейдің арзан көлігі тығырыққа тіреді. Елімізде құрастырылатын темір тұлпарлардың бағасы қымбат болғандықтан тұрғындар көрші елдің өнімін алуды жөн көреді.Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Осының салдарынан автозауыт жоспарланған 20 мың көліктің орнына небәрі 8 жарым мыңын құрастырмақ. Жағдайды өз пайдасына шешу үшін бизнесмендер заң жүзінде сырттан көлік кіргізуге тыйым салуды сұрауда.

Десе де қарапайым тұрғындар шектеудің болмағанын қалайды. Былтыр 8 жарым мың темір тұлпар құрастырған қостанайлық автозауыт қарқынын күшейтіп, биыл бұл санды 20 мыңға жеткізбек еді. Бірақ Ресей ақшасының құнсыздануы оларды райынан қайтарып қана қоймай, тығырыққа тіреп отыр.

Солтүстік көршімізден ағылған арзан көлік отандық өнімге деген сұранысты төмендеткен. Бұл әрине автоөндірушілерге ұнай қоймады.

«Көп көлік алып келіп жатыр біздің Қазақстанға. Ол біздің шығарып жатқан көліктердің сатылуының азаюына, шығару бөлімінің азаюына алып келеді. Осы жылға біз 20 мың машина шығаруды жоспарлас отырсақ, енді оны төмендетеміз. 2014 жылға 8500 көлікке дейін», — дейді  «СарыАрқаАвтопром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев.

Шығынға белшесінен батқан бизнесмендер нарықтағы орны мен сыртқа кеткен қаржыны қайтару үшін көлік тасымалына шектеу қоюды сұрап отыр.

«Егер көлік әкелген адам алыпсатарлықпен айналысса оның алдын алу қажет. Ол өзі үшін алатын болса бір темір тұлпар жетпейді ме? 5-10 көлікпен не істемек?», — дейді  «АгромашХолдинг» АҚ басқарма төрағасы Алексей Сидоренко.

Бірақ тіркелген уақыттан бір ай өтпей көліктер сатылып жатады. Автоөндірушілер Еуро-4 стандартының да қажеттілігін айтуда. Олардың өтініші қабылданса ресейлік ескі өнімнің біздің елге кіргізілмейтіні анық. Бірақ ол қаржысын үнемдегісі келетін қарапайым халықтың қалтасын қағады.

Сәуле Мырзағазина көптен бері ақша жинап, көлік алуға дайындалуда. Сондықтан шекара жабылмай тұрып өз арманына қол жеткізбек. Сәуле Мырзағазина, Қостанай қаласының тұрғыны: -2003 жылғы тура осындай көлік Ресейде 1 млн 100 мың немесе 1 млн 200 мың тұрады. Бұл теңгеге шаққандағы бағасы.

Ал Қазақстанда бұл ақшаға ештеңе ала алмайсың. Ертең Мәскеуде құс еті, автокөлік, қара металл сияқты тауарлардың елімізге кіргізілмеуі жайлы екіжақты келіссөз өтпек.

Мамандардың айтуынша, бұл отандық экономиканы бір деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді. Егер тараптар ортақ шешімге келе алмаса, отандық өндірушілердің біразына тықыр таянуы мүмкін.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

2 ПІКІРЛЕР

  1. ресей, белорыспен экономикалық ортақ кеңістік құрыудан бұрын, осының бәрін зерттеп алу керек еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз