Америкалық ғалымдар Facebook-тың адамды күйзеліске түсіретінін анықтады

0
55

A smartphone user shows the Facebook application on his phone in Zenica, in this photo illustration

Facebook парақшасын пайдалану бірқатар жағдайларда күйзеліске ұшыратуы мүмкін. АҚШ-тың Миссури штаты университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Маргарет Даффи басшылығымен ғалымдар зерттеу кезінде пайдаланушыларды екі топқа бөледі. Алғашқысы желіні достарымен, туыстарымен байланыс ұстау үшін ғана пайдаланды. Екіншісі – достары мен таныстарын бақылау үшін кірді. Facebook арқылы қаржы, мансап, отбасылық жағдайларын біліп, өздерінің өмірлерімен салыстырған. Бұл топтың қатысушысында күйзеліс белгілері анықталған.

Зерттеушілер күйзеліске таныстарының табыстары (шетелдегі демалыс, жаңа үй, жаңа көлік, той, жаңа достар) туралы хабарлама әкелгенін анықтады. Ғалымдардың пікірінше, салыстыру арқылы адамда қызғаныш сезімі пайда болып, өміріне деген қызығушылығы төмендеп, күйзеліске душар болуы мүмкін.

ҚазАқпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз