Алматы тұрғыны 60 жастағы өз әкесін жауыздықпен өлтірді

0
355

Алматы полициясы өз әкесін пышақтап өлтірген азаматшаны ұстады. Бұл туралы Алматы арнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.

Алматы тұрғыны 60 жастағы өз әкесін жауыздықпен өлтірді

Қанға боялған адам денесі «Алма» саябақ қоғамындағы жалдамалы үйлердің бірінен 1 ақпан күні түнгі сағат он жарымда табылды.

Сот-медицина сараптамасы анықтағандай, 60 жастағы ер адамның өлімі оң жақ кеуде тұсынан салынған пышақ жарақат салдарынан болған.

Аталған оқиға болмас бұрын ер адам 32 жастағы қызымен спирттік ішімдік тұтынған. Арада туындаған ұрыс-керістің салдарынан қызы әкесіне пышақ жарақаттарын келтірген.

«Ұрысып қалдық. Өзімді қорғамақ болдым. Әкеме пышақ сұқтым. Пышақтың қолыма қайдан түскенін білмеймін», – деді күдікті.

Алматы тұрғыны 60 жастағы өз әкесін жауыздықпен өлтірді

Алматы тұрғыны 60 жастағы өз әкесін жауыздықпен өлтірді

Источник: Алматы ТВ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз