Жоламанов ісіне қатысты куәгерлер тыңдалды

2
37

Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот отырысы жалғасын тапты.

Жоламанов ісіне қатысты куәгерлер тыңдалды

Сот отырысында күдікті деп танылған тарапқа қатысты аудио және бейнежазбалар тыңдалып, қаралды. Мемлекеттік сатып алу ісін ұйымдастыру барысында экс-басшы өзінің сыбайластарымен бірлесе отырып, пара алып келді деген айыпқа дәлел ретінде Жоламановтың сөздері жазылған аудиоматериал сот назарына ұсынылған болатын.

Онда күдіктінің жемқорлыққа үгіттеген сөздерін анық байқауға болады. Іс материалдарымен мұқият танысып шыққан прокурор, Бас әскери прокуратураның басқарма басшысы Кемел Шаяхмет сотқа куәгер ретінде шақырылған Н. Қилыбасовтан бірқатар сауалдарына жауаптар алды.

«Ол ішкі жиындарда барынша заң шеңберінен шығып кетпей тапсырмалар беретін. Сөздерінде үнемі заңды сақтаңдар деп тапсырып отыратын. Ал, жеке қалып сөйлескенде ойындағысын айтады. Мен бұны ойын деп түсінемін…» дейді куәгер.

Естеріңізге сала кетейік, Жоламанов пен Балмағамбетов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы ірі көлемде пара алу ісі бойынша айыпталуда.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, Нұрлан Жоламанов пен осы іске қатысты кінәлілер жасырын әрекет ету арқылы мемлекеттік сатып алу ісінде 250 млн теңге көлемінде пара алған көрінеді. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Источник: BAQ.KZ

2 ПІКІРЛЕР

  1. сол қазаннан өзіде ішкен шығар, болмаса Жоламановтың дегенін қайдан біледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз