Алматының Сейфуллин көшесінде жеңіл жүрісті қыздарға тексеріс жүргізілді

3
93

Алматыда Түрксіб ауданында жігіттерге жөнсіз жабысқаны үшін жетпіс қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Аудандық ІІБ хабарлауынша, әкімшілік кодекстің жаңа нормалары тек қана жеңіл жүрісті қыздарға ғана емес, адамдарға тауарын тықпалаған 5 адамға, 5 қайыршыға, үйін жалға беретін 10 адамға қатысты қолданылды. Тәртіп сақшыларының негізгі күші Сейфуллин көшесін тазалауға кеткен сияқты.

«Соның ішінде Сейфуллин көшесіндегі №82 үйдің тұсында тұратын 32 жасар қырғыз азаматшасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан шығарылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Сейфуллин көшесінің бойында 1537 адам жауапкершілікке тартылды. 576 адамға ескерту жасалса, 32 адам әкімшілік жазаға тартылды. Мыңнан аса адамға айыппұл салынды. Осы аралықта жеңгетайлық әрекеттің 124 дерегі әшкереленді. Олардың 36-сы жолда орналасқан қонақ үйлерде орын алған. Адамдарға жыныстық қызмет ұсынған 70 қыз жауапкершілікке тартылды», – деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Бәйкенов.

Жақында полиция қызметкерлері Сейфуллин көшесін тағы да сүзіп шықты. Жеңіл жүрісті қыздар тар көшелерге жасырынып, заңға бағынуға құлқы жоқтығын көрсетті.

«Жаңа әкімшілік кодекстегі қатаң нормалардың барын біле тұра жеңіл жүрісті қыздар заңға бағынуға құлық танытар емес. Араларында бірнеше рет полиция бөліміне келген адамдар бар. Бұрын оларды участокке әкеліп, екі-үш сағат әңгіме жүргізумен ғана шектелетінбіз. Қазір түрлі әкімшілік жаза қолданыла бастады», – дейді Түрксіб аудандық ІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің басшысы Фархат Сыбанбаев.

Сондай-ақ қазіргі уақытта аталған учаскеде полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіп орнатуда екен. Тіпті Ұлттық Гвардия ұландары да көмекке шақырылған.

Алматының Сейфуллин көшесінде жеңіл жүрісті қыздарға тексеріс жүргізілді (фото)

Алматының Сейфуллин көшесінде жеңіл жүрісті қыздарға тексеріс жүргізілді (фото)

 

Источник: ИА «Казинформ»

3 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз