БҚО-да мектеп мұғалімі оқушыларына қырындаған

0
376

БҚО-ның Алмалы ауданында ата-аналар мектеп мұғалімін балаларына қырындағаны үшін айыптады.

БҚО-да мектеп мұғалімі оқушыларына қырындаған

Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасының комиссия мүшелері ата-аналардың арызы бойынша Алмалы және Ақжал аудандарының мұғалімі мен әкімшілігіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар ата-аналар БҚО ІІБ-ге тергеу амалдарын жүргізуді сұраған.

Нұргүл Әлиева, Айгүл Жаншиева, Гүлжахан Тасжанова, Гүлмира Телбаева өз арыздарында мектеп мұғалімінің балаларын суретке түсіріп алып, олардың денесіне қолынын тигізгенін жазған.

«Біз бұны тек қаңтар айында ғана білдік. Ал балаларымыз бұл қараша айында болған дейді. Екі ай өтті, осы уақыт аралығында балаларымыз әкімшіліктің «ешкімге тіс жармаңдар» деген бұйырығынан ауыздарын аша алмай отыр», – дейді ата-ананың бірі.

Сондай-ақ ата-аналар мектеп әкімшілігі мен ұжым мүшелері балаларына қысым көрсеткенін жеткізді.

Ақжайық аудандық білім басқармасының басшысы Бақыт Абдулованың айтуынша, осы кезде ата-аналардың арызы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Оқушыларға қырындаған мектеп мұғалімі мектептен шығу туралы арыз жазған, бірақ оған әлі қол қойылмаған. Ол әлі де мектепте қосымша сабақтар жүргізіп келеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз