Оралда әуежайдың шұрқ-тесік жолы бір күнде жөнделмек

2
57

Оралда әуежайдың шұрқ-тесік жолы бір күнде жөнделмек
6 миллиард теңгеге қайта салынған Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы бүгінде шұрық-тесік. Жаңа жолақтағы ойықтардың тіпті саны да белгілі — 80-нен асады.

 
Бұл аздай ұшу алаңын мемлекеттік комиссия әлі қабылдамаған. Бұл туралы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жобалау институты мен әуе компанияларының өкілдерінен құрылған комиссия отырысында мәлім болды.

Мердігерлер алаңдағы ақауды бір тәулікте жөндеуге болатынын жеткізді. «Өйткені ойықтар көлемі шағын, сондықтан әуе көліктеріне төнер қатер жоқтың қасы», — дейді.

Әрі 2 460 бетон плита төселген алаңдағы тек 11 плита ғана бүлінген. Бұл — тіпті бір пайызға да жетпейтін көрсеткіш.

Дегенмен, көлік прокуроры Болат Қалықов егер кемшіліктер ретке келтірілмесе, кінәлілердің қылмыстық жауапкершіліктен құтылмасын қатаң ескертті. Сонымен қатар, өзге әуе компанияларына қойылған шектеулерді тоқтату керектігі де айтылды, алайда әуежай басшылығы бұл ұсыныстан үндемей құтылды.

«Бұл дефектілер аэропортпен бұрынырақ айтылғанда, бұл сөз шықпайтын еді. Құрылыс компаниясы мен біздің комитеттің арасындағы келісімшарт бойынша құрылыс компаниясы осы ұшу-қону айлағындағы шыққан деффектілерді 5 жыл бойы, 60 ай бойына өздерінің есебінен түзетіп отырады. Үкімет ешқандай одан шығын алмайды», — деді Көлік және коммуникациялар министрлігі, Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысыАмантай Қоқатаев.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. біздің елде мынадай тез қимылдайтын, маманы толық, толық жабдықталған құрылыс компаниясы бар дегенге мен сенбеймін.

  2. бір күн болып қоиған шығар тесеру керек. рас болса біздің елдегі рекорт.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз