Үкімет Ресейдің арзан тауарына тыйым салудан бас тартты

0
358
Үкімет Ресейдің арзан тауарына тыйым салудан бас тартты
Арзан тауардың жолы бөгелмейтін болды! Қазақстан Ресейден келетін импортқа шектеу қоймайтынын мәлімдеді. 

Бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесінде белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.Бұған дейін ел кәсіпкерлері үкіметке Ресейден ағылып жатқан арзан тауарларды шекарадан өткізбеуді ұсынған еді. Себебі орыс ақшасының құлдырауына байланысты өнімдері өтпей банкротқа ұшыраудың алдындамыз деп мұңын шаққан.

Атап айтқанда, отандық бизнесмендер Ресейдің арзан көлігін, мұнай, құрылыс материалдары, ет, жұмыртқа мен кондитер өнімдерін шектеуді өтінген. Ал министрлер кабинеті бұл мәселені, Мәскеуде өтетін жиында көтеретінін айтқан-ды.

Алайда Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесінде, бұл туралы сөз болмаған да. Тіпті Қазақстан Ресей тауарларына тосқауыл қоймайтынын айтып отыр.

 

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз