Бомба қойылғаны туралы жалған ақпар таратқан Астана тұрғыны 2 жылға сотталды

0
365
Бомба қойылғаны туралы жалған ақпар таратқан Астана тұрғыны 2 жылға сотталды
38 жастағы  Астана тұрғыны «Социум» тұрғын үй кешенінің ПИК-інде бомба қойылғандығы туралы жалған хабар бергені үшін 2 жылға сотталды.
«М. деген азамат Қылмыстық кодекстің  242 бабы  бойынша айыпты деп танылып, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей 2 (екі) жылға сотталды», — делінген жұма күні ҚазТАГ алған хабарда.Бұдан бұрын, Астанада ПИК төрағасымен дауласып қалып, «Социум» тұрғын үй кешенін «миналап» қойған елорда тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлағанбыз.

«17 тамызда 21.32 сағатта Астананың ІІД жедел басқару орталғына «Социум» ТК ПИК төрағасы телефон шалып, беймәлім адамнан sms-хабар келгені, онда аталған тұрғын үй кешенінде бомба қойылғаны туралы айтылғанын хабарлады», — делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарында.

Бұл ретте оқиға орнына келген «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері мен кинологиялық орталық мамандары жарылғыш құрылғыны таппады.

Жедел іздестіру шаралары барысында ондай sms-хабарды жіберген ер азамат ұсталып, ол айыбын мойындады. Белгілі болғандай, қылмыс себебі ПИК төрағасының ол ер азаматқа ішімдік ішуіне қатысты айтқан ескертуі болыпты.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз