Автосалон

0
364

Қазақстандықтарға ресейлік автосалондардан Whats App арқылы хат келе бастады

Ресей автосалондары қазақстандықтарды WhatsApp арқылы өздеріне алдап шақыра бастады, – деп хабарлайды Qostanay.TV.

Қазақстандықтарға ресейлік автосалондардан Whats App арқылы хат келе бастады
6 ақпан күні мыңдаған қазақстандықтың телефонына Нижний Новгород пен Саратов автодүкендерінен шақыру келіп түсті.

Порталдың мәліметінше, хабарламада Қазақстаннан барған көлік сатып алушыларға орасан зор жеңілдіктер қарастырылатыны жазылған.

«Біздің елге жіберілген хабарламаларда Hyundai автокөлігін сатып алушы қазақстандықтарға бірнеше мың долларға дейінгі жеңілдіктердің қарастырылатыны айтылған. Бұл жарнама Қазақстанға Ресейден әкелінетін көліктерге шектеу қою туралы қазір қызу талқыланып жатқан ұсыныс кезінде өзекті болып тұр. Көрші елдің бұл жарнамасы қаншалықты тиімді қызмет ететінін уақыт көрсетеді, осыған қарағанда Ресей автосалондары уақыт жоғалтпауға тырысып жатқан сияқты», – делінген жарияланымда.

Қазақстандықтарға ресейлік автосалондардан Whats App арқылы хат келе бастады
Еске сала кетейік, Қазақстанға Ресейден әкелінетін автокөліктерге тыйым салу туралы мәселені шенеуніктердің Мәскеуде талқылайтыны бұған дейін хабарланған болатын.

Бір апта бұрын кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салу туралы үкіметке ұсыныс жасаған. Бұл идеяны еліміздегі банк саласындағылар да қолдады.

Источник: Алаш Айнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз