Жер сілкінді

0
509

Алматыдан 356 шақырымда жер сілкінді

Жер сілкінісін тіркейтін құрал. (Көрнекі сурет)
Жер сілкінісін тіркейтін құрал. (Көрнекі сурет)
Жарияланған уақыты: 07.02.2015

Жұма күні Алматы уақытымен 21 сағат 37 минут шамасында Алматыдан 356 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Қазақстанмен көрші Қытай аумағындағы жер сілкінісі эпицентрінде 4,1 магнитуданы құраған, жер сілкінісінің ошағы 0-5 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз