Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтірген күдікті Өзбекстанда ұсталды

2
78

Қазақстандық полицейлер мен Өзбекстан ішкі істер басқармасы қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Ынтымақ ауылында адам өлтірген күдіктіні ұстап, Қазақстанға экстрадациялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтірген күдікті Өзбекстанда ұсталды
Қазіргі сәтте ұсталған күдікті Н. К. Нарметов Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД тапсырылып, қамалды. Қылмыстық істі тергеу жұмысымен арнайы оперативті топ айналысуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы қоғамдық қауіпсіздік тәртіп сақшыларының назарында. Еске сала кетейік, 4 ақпан күні Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылында пышақ жарақатынан қаза тапқан тұрғынның денесі табылды.

Аталған оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция күдіктіні анықталды. Ол Бостандық ауылының 1976 жылы туған Нарметов. Н., есімді азаматы болып шықты.

Осы оқиғадан соң, қайтыс болған Артықовтың ауылдастары Нарметов тұратын ауылда қарсылық танытып, бірнеше көліктерді өртеп жіберді.

Бүгінде тәртіп сақшылары Ынтымақтағы ахуалдың реттелгенін айтуда.

Источник: NUR.KZ

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз