Танымал жазушы Герольд Бельгер 81 жасында қайтыс болды.
Бірнеше күннен бері есін жимаған жазушының өмірден озғанын ҚазТАГагенттігі хабарлайды.
«Иа, қайтыс болды. Жарты сағат бұрын көз жұмды», – деді дәрігерлер ҚазТАГ агенттігіне.
Еске сала кетейік, 21 қаңтар күні жазушы Герольд Бельгер 6-рет жүрек талмасына ұшыраған болатын.
Герольд Бельгер қазақстандық танымал прозашы, аудармашы, публицист. Ол 60 кітап пен 2 мыңға жуық қазақ, орыс, неміс тілдерінде жазылған шығармалардың авторы.