Алматы облысында жерінен айрылған жұрт әкімдікке басып кірді

0
352

                                                                                   Алматы облысында 10 жылдан бері заңды жерлеріне үй сала алмай жүрген жұрт бас көтерді. Қарасай ауданындағы осы даулы учаскелер кезінде 700 адамға үлестірілген екен. Барлығы да жергілікті билікпен 4 мәрте соттасып, жеңіске жеткендер. Тек шыққан үкімді Қарасай ауданының әкімдігі елер емес. Айтуларынша, жұртқа құрылысқа деп сатылған жер, шын мәнінде егіндік алқабы. Бірақ бұл уәжге келіспеген тұрғындар бүгін мән-жайды түсіндіруді сұрап, әкімдікке басып кірді.

Бұл – Әйтей ауылының іргесінде жатқан бос алқап. Шамамен 5 жарым гектарға жуық. Кезінде «Алтын ұя» атты серіктестіктің меншігінде болған. 9 жыл бұрын ұйым 8 сотығын «6 мың доллар» деп бағаланып, 700 адамға сатып жіберіпті. Ұрыс-керісі бітпейтін сот отырыстары содан бері жалғасып келеді.

-Менің жерім осы жерде. Қатарынан  тұрған. Баяғыда әкім қазығын қағып бергенде, баяғыда үй салып алатын едік.

65 жастағы Тұрсынхан Нұрқожаева сатылымға қатысқан көптің бірі. Барын беріп, бала-шағасының несібесіне деп бірнеше жерді алған. Бірақ 9 жылдан бері мүліктің  қағазын ғана құшақтап жүр.

Тұрсынхан Нұрқожаева:

-3 бала және 3 қызым 5-6 учаске сатып алғанбыз. Жалпы 50 мың доллардай ақшаға. Бір үйімізді сатып, соның ақшасына осыны алып едік. Енді ала алмай жүрміз.

Оның себебін жұрт нақты түсінер емес. Қолдарында сот арқылы дәлелденген мемлекеттік АКТ-тілері де бар. Онда иесінің қалауы бойынша жер пайдаға асырылсын делінген екен. Ал, көптің қалауы  тұрғын үй. Бірақ құрылысқа әкімдік рұқсат берер емес. Таяуда тіпті жұрт алқаптың түгелімен өзге біреудің қолына өткенін естіген.

Мұхит Қадірбеков:

Ерменбаев деген аударып беріпті. Бүкіл жерді. Бір адамның жеке басына. Негізі ол кісінің жері жоқ д. Қатысы жоқ деген. Бірақ делдал болып па, сол жүрген. Соларға жұмыс істеп кетті ме, білмеймін, белгісіз болып етті.

Істің арты не болып кеткенін жұрттың жабыла жүріп жалдаған адвотта та білер емес.

– Ана кісілер айтады: «Сот берілсін деп шығарған шешімді әкімшілік орындамай отыр», – дейді, сол рас па?

– Рас!   

– Неге?

– Оны өздерінен сұрау керек!

Адвокат осылай деп жөн сілтеген соң ел бірден үйреншікті әдетке салып, Қарасай әкімдігіне жетті. Тек ғимарат ішінде күзетші жігіттен басқа бірде бір жауапты жан болмай шықты.

-Қашан келсек ешкім жоқ болады! Бар болса да жоқ, жоқ болса да жоқ!

Күзетші өтірік айтпапты. Әкім шынында да басқа жақтан табылды. Тек айтары тым қатқыл. Яғни, ел қанша жерден сұраса да құрылысқа рұқсат жоқ.

Амангелді Дәуренбаев, Қарасай ауданының әкімі:

Ауыл шаруашылығында тұрған жерді алдап, бұл жеке тұрғын-үй салынатын алқап деп сатқан. Ол сотта дәлелденді. Ол жер 8 соттықтан бөлінген. 8 соттыққа қазық қағып бер дейді. Қазық қағып берген күні құрылыс басталады. Ал ол жердің бағыты аударылмаған, аударылмайды да. Бұны бұл кісілер түсінгісі келмейді.

-Онда бізге басқа жерден жер береңдер!

Тек бұл сұраққа әкім жауап беруді құп көрмеді. Ал үйсіз жүргендер енді істі Жоғарғы сотқа дейін жеткіземіз деп тарқасты.

источник КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз