Порошенко Украинада соғысып жүрген ресейліктердің төлқұжатын көрсетті

2
50

Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы қарулы сепаратистерге дем беріп отыр деп Ресейді айыптап, Еуропа елдерін Украинаны қолдауға шақырды.

Порошенко Украинада соғысып жүрген ресейліктердің төлқұжатын көрсетті

Украина президенті «бір кездегі дос көрші» Ресейдің халықаралық құқық нормаларын бұзып, Украинаның бір бөлігін басып алғанын айтты.

Порошенконың бұл сөзі Қырымды аннексиялауға қатысты айтылды. Он сонымен бірге Ресей сепаратистерге әскери техника беріп, сепаратистер бақылауда ұстап отырған Украинаның шығыс аймағында ресейлік әскерилер барын да атап өтті.

Порошенконың айтуынша, қарулы жанжалды тоқтатудың жалғыз жолы – Минск келісіміндегі принциптердің орындалуы болмақ. 

Сонымен қатар президент Мюнхендегі конференция барысында мінберде тұрып, ресейлік жауынгерлерден алынған олардың әскери билеті мен ресейлік екенін растайтын төлқұжатты көрсетті.

«Бұл Украина жерінде «адасып қалған» және украин құқық қорғау органдары ұстаған ресейлік әскерлердің билеті мен төлқұжаты. Басқыншылық үшін тағы қандай айғақтар керек», – деді ол.

Сондай-ақ Порошенко әскери қақтығыста 1432 жауынгер мен 5600-ден астам бейбіт тұрғындар қаза болғанын атап өтті. Оның айтуынша бейбіт тұрғындардың өлтірілуі күн санап өсіп келеді.

Источник: Азаттық

2 ПІКІРЛЕР

  1. дұрыс істеген іс осындай дәлелді болу керек. көзіне шұқып көрсетпесең олар өмірі мойындамайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз