Полицейлер автокреслоны насихаттауға жұлдыздарды шақыра бастады

2
70

Автоорындықтар бала өмірін 70 пайызға дейін сақтайтынын дәлелдеуге тырысқан тәртіп сақшылары, ел арасындағы наразылықты басу үшін енді өнер иелерінің басын қосып, арнайы шара өткізе бастады.

Полицейлер автокреслоны насихаттауға жұлдыздарды шақыра бастады
Осылайша полицейлер автоорындық бала қауіпсіздігі үшін таптырмас құрал екенін қанша жерден дәлелдегісі келсе де, аяқасты жүзеге асқан ереженің төңірегіндегі дау-дамай басылар емес.

Полицияның бұл қылығы – өтпейтін затына гүл тағып көркемдеген қыздардың әрекетіне ұқсайды. Бүгінгі бетке ұстарлары Жұбаныш Жексенұлы мен Саят Медеуов.

Бұдан бұрын босанған аналарға аяқ астынан мейірлері түскен еді. Астаналық полицейлер аязды күні дәріске шыққан. Полицейлердің айтуынша, былтырдың өзінде 1400 жол апаты болып, оның ішінде 89 бала қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан көз жұмыпты.

Акцияға қосылған екі әнші де жол жүру ережесін сақтауға шақырып отыр. Көлік десе ішкен асын жерге қоятын Саят Медеуов екі көлігінің бірін балалары үшін, енді бірін өзінің шаруалары үшін алыпты. Балаларына арналған көлігі толықтай автоорындықтармен жабдықталған сыңайлы

«Біз түсінбей жатырмыз ғой, барлық орындыққа автокресло керек деп олай емес, алдыңғы орындыққа ғана автокресло керек, артқы орындыққа арнайы қондырғылары болады ол кресло емес, кішірек, арнайы бала үшін жасалған», – дейді Саят Медеуов.

Источник: 31 канал

2 ПІКІРЛЕР

  1. елдің бәрі әншілер сяқты байдың тойын тойлап, доллар санап жүр дейсің ба, күнімізді әрең көріп отырмыз. қарапайым халықпен санасыңдар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз