Қазақша ойлап, қазақ тілінде болмыс пен құбылысты түсіндірген бұл қандасымыз ҚХР Алтай қаласында тұрады. «Білім меншік» құқығы мекемесінің қызметкері. Автордың «Сапалық байланыс» кітабі Қазақстанда да азғана тиражбен тараған екен, қызығушылық танытушылар болса еліміздің ғылыми кітапханаларынан табылады және Автордың «Сапалық байланыс» туралы оқыған лекциясы www.ertes.net торабында жарияланған, сол жерден тыңдауларыңызға болады.
Егер бұл теория ғалымдар жағынан мойындалып жатса, қазақтың тілін өзінің сөздік қорымен салыстырып, «қазақтың тілі ғылымның, ілімнің тілі емес» дегендер бетімен жер басар деген ойдамын. Себебі мен Еркін ағамызбен бір кездескенімде «зерттеу барысында қазақша ойладыңыз ба, алде, басқа тілде ойладыңыз ба» деп сұраған едім. Қазақ мемлекетіндегі қазақ тілі туралы даудан хабардар ағамыз дереу: «қазақша ойладым. қазақша жаздым. Бірінші кітапті қазақ тілінде шығарып, онан соң қытай тіліне аудардым.» деген еді. Қазақ тілі туралы әңгіме болса артқа шаптыртатын ағаларымызға айтарым: «сендер қазақша білмесеңдер, оған қазақтың тілі кінәлі емес. Осыны есте ұстаңыздаршы». Біз ағамыздың www.senkazakh.com торабында жарияланған сұхбатын және бір адамның жазған пікірін (пікір жазушының ат -өнімен) жариялап отырмыз.
«Сапалық байланыс» теориясының авторы Еркін Сымағұлұлы
«Сапалық байланыс» кітабінің авторы Еркін Сымағұлұлымен сұхбат
Тілші: «Нютонның алмасы» жайлы хикаяны бәріміз білеміз. Сізге қандай «алма» осы ойды салды?
Еркін Сымағұлұлы: бауырым, ортаға қойған сұрағыңыз өте орынды. «Сапалық байланыс» кітабының жаны «материя ұғымы» екені кітап және лекцияда ашық айтылған. Осы материя бүгінгі күндері адам баласының тісі батпайтын, күрделі мәселелерінің, қиын тақырыптарының, сырлы жұмбақтарының бірі екенін көзі ашық, ойлы азаматтар көрген жерден түсіне қоятыны анық. Оның «материя ұғымы» болып жарыққа шығуы, көз алдағы жаратылыс ғылымының дамуы үшін өзіндік үлесін қосатындығы. Басқа жағын айтпағанда, күшті назариялық құрал болудай айтулы сипатынан көрінеді. Ендеше, осы «материя ұғымы» жәйындағы алғашқы «күп» етіп түсіп кеткен әуестігім жайында аздап сөз қозғайын.
Мен жоғары мектептің 3 жылдығын оқып жүргенімде, Маркстік философияның материалистік көзқарасына ерекше қызықтым. Әсіресе, сондағы дүниені бір текті материа деп қарайтын маңызды қорытынды көкейімнен терең орын алған-ды. Кейін мен Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясы» атты кітабін тауып, үйрену барысында, маркстік материалистік көзқарасқа жат бір түйінді байқадым. Айталық, «салыстырмалылық теориясындағы» маңызды жетістік саналатын E=MC2 формуласы мәндік жақтан екі түрлі нәрсенің қатынасын өрнектейді. Яғни, материя энергияға айналады, керісінше, энергия да материаға айналады. Бұл көпе-көрнеу материалистік көзқарастағы «бір тектілік» идеясына қайшы болған «материя» мен «энергия» сынды «екі тектілік» көзқарас еді. Сонда осы екеуінің ортасындағы ұқсамастық қайдан келіп шыққан? Дүние зайыры бір текті ме? әлде екі текті ме? тіпті «көп текті» болуы да ғажап емес дейтін сұраулар көкейіме орала берді. Мейлі дүние бір текті немесе екі текті болсын, олардың астарында, қалайда, бір тылсым шындық жатқаны өте анық еді. Бұл біздің материя жайындағы танымымыздың әлі де толық, кемелді еместігін түптеп аңғартады. Осындай бүркемелі сырлар мені өзіне баурап алды, әрі менің бел шешіп кірісуіме түрткі болды.
Тілші: Сіздің істеп жүрген харекеттеріңізге түсінбестікпен қарағандар да болған шығар? Қиындықтарды жеңуге не себеп болды?
Еркін Сымағұлұлы: Мен алғаш жұмысты бастағанда, қалай қол салып істерімді білмей, көпке дейін әңкі-тәңкі күйде жүрдім. Әсіресе, материя ұғымын тектеу жұмысы көп салалы ғылымдарға жеттік болуды талап ететін жалпылық ұғым. Сонымен, өз кәсібім химиядан тыс, математика, физика, биология, астрономия, философия сяқты ғылымдарды үйренуді маңдай алды міндет санадым. Үйрену барысында түсініксіз түйіндерді төңірегімдегі кәсіптік мамандардан сұрауға тура келді. Алғашына олар тура мәміледе болды. Кейін келе менен жалықты ма, білмеймін, әйтеуір менің қызығушылығым оларға оғаш сезіліп, ғылыми кеңестерімнен зәтте болатынды тапты. Тіпті мазаққа айналдырып күлуі де қосамжарланды. Сүйтіп, ғылыми зерттеудің күдір жолын ұстазсыз, серіксіз жападан жалғыз басуға тура келді.
Алғаш кітәбім «бірлік теориясы» деген атпен жарық көрді. Сол кезде өзімнің қуанышымда шек жоқ. Бірақ, көп өтпей оқырмандардың кітапты сұс раймен қабылдаған нысайы, суық су сепкендей көңіл күйімді бір жолата аласұртты. Сонан ішінара оқырмандардың кітап жайында жеке пікірлерін еміс-еміс естідім. Өзім де кітапты қайта-қайта оқу барысында, жетістігімді жайып салғаным болмаса, оны баяндау, түсіндіру, дәлелдеу жақтарында үлкен олқылықтар барлығын байқадым. Шыны керек, сол кезде көзқарастарымды ортаға салғаныммен, нәзік буындарын өзім де тереңдей түсініп кетпеген сяқтымын. Осы қамалды алу үшін қайта шабытымды ұштап, жалғасты арт-артынан бірнеше рет кітапті баспадан шығардым. Соның ішіндегі «сапалық байланыс» кітабы біршама толық болды деп сүйініш айта аламын. Сонда да оқырмандар «күрделі, түсінбедік» дегеннен жазбады. Енді қайту керек? Сонымен мен арлы-берлі көп толғанып, лекция жасау ойына көштім. Лекция жасау барысында оқырмандардың аңысы күшті болды. Ең маңыздысы олар бір шындықты танып жеткеніне разы болдым. Яғни, басқа жағын айтпағанда, материя ұғымының бір жаңалық, жасампаздық екеніне оқырмандардың көздері жеткендей болды.
Тілші: Өзіңіздің материя жайлы жаңа ұғымдарыңыздың ғылым саласында мойындалуына сенімдісіз бе?
Еркін Сымағұлұлы: Бүгінгі жаратылыс ғылымы нақтылы материяны зерттейді. Ал біздің нақтылы материя жайындағы түсінігіміз терең әрі кең. Бірақ, жалпылық тұрғыдан материаны тануымыз айта қалсын жетерлік емес. Қазір, біз дүниеге материалистік көзқарасты тіктедік. Материаның анықтамасын бердік. Дегенмен осы материя жайындағы танымымыз ғылыми жүйеге түскен, құдіретін әйгілейтін шынайы, ғылыми, кемелді ұғым деңгейіне көтеріле қойған жоқ-ты. Әсілі, тілге тиек болып отырған материя өзінің өн бойына дүниенің түпкі тегін, түбірлі мәнін, түбегейлі сырларын сыйғызған, зіл батпан шындық атаулының қайнар көзі. Сол себепті бүгінгі адамзат баласы материанің шын кеспірін ашу жолында тынбай ізденіс жасап келеді.
Алайда, мүлтіксіз материа ұғымын жарыққа шығару қиынның қиыны десе артық кетпейді. Оның қиындығы төмендегі жақтардан көрінеді.
Бірінші қиын түйін: Ең алдымен өзіміздің дүниеге қарайтын тұрғымызды дұрыс анықтауымыз керек. Материаны зерттеу нақтылы нәрселерді зерттеуге мүлде ұқсамайды. Оны зерттеу абсолютты нөлден бастауды шарт етеді. Бұл дегендік, бүгінгі жаратылыс ғылымның жетістіктерін бір шетке сиырып қойып, ту бастан, ештемені қатыстырмай, шыт жаңадан, тұнық күйдегі өзгеше ғылыми жүйені жарыққа шығару деген сөз. Осыдан үлкен батылдықты, сонымен бірге ұлы төңкеріс жасауды сезінуге болады.
Екінші қиын түйін: Қайдан қол салуды дұрыс шешім ету керек. Бұл дегендік материаның өзін, оның бойын, әсіресе оның ішкі жағын тереңінен, ештемесін қалдырмай боршалауды көрсетеді. Әрине, біз дағды бойынша материаны боршаласақ, жарқ етіп материалық түс алған ұғымдар келіп шығатыны даусыз. Мәселен, аспан денелері, тау жыныстары, химиялық заттар, малекула, атом, протон, нейтрон, электрон сияқтылар. Біз материаны бұрын-соңды болып көрмеген жаңа тәсілмен боршалап, бейматериалдық деталдарды қазбалап шығаруымыз керек. Әрине, бүгінгі күндері материаның бойынан ондай мазмұндарды ешқайдан таба алмайтынымыз бесенеден белгілі.
Үшінші қиын түйін: Зерттеу объектісін дұрыс таңдауымыз керек. Бұл дегендік, материаны зерттеуде таңдалатын зерттеу объектіміз «нәрсе» мен «дүние» сынды екі объекті көзде ұсталады. Соның ішіндегі «нәрсенің» өзінде төрт түрлі жағдай ұшырайды. Олар: Нәрсе ең алдымен дара нәрсе, сосын екеу аралық нәрсе, үшінші кезекте ол бір-бірінен парықты нәрсе, соңында ол өміршеңдік күшке ие нәрсе. Осы төрт түрлі жағдайды дұрыс анализ жасау жаратылыс елементін жарыққа шығарудың кілті. Ал нәрсені біржайлі етіп болған соң, және нәрсе мен дүниені өзара байланыстыру керек. Ол екеуі қалай байланысады? Әрине, осы түйінді шешудің де өзіндік салмағы бар, үйткені, одан дүниенің көп тектілігі келіп шығады. Төртінші қиын түйін: Материаның өзін түбегейлі боршалаудың тиімді тәсілін дұрыс шешу керек. Бұл түйін дәстүрлі зерттеу тәсіліне жат жаңаша зерттеу тәсілі болу керек. Егер біз және де дәстүрлі зерттеу тәсілін қолдана берсек, біздің қолға келтіретін жетістігіміз баяғы дәстүрлі ғылымның шеңберінен шыға алмайды. Сол үшін бейматериалдық жіктеу тәсілі сынды жаңаша зерттеу тәсілін қолданамыз. Бұл жағы айта салғанда жеңіл келгенімен нақтылы істеу барысы өте күрделі. Соңында және қойылатын талабы, бойсынатын шарты, сүйенетін ғылыми негізі сяқты жақтарды бір-бірлеп бекемдеп аламыз. Әсіресе соның ішінде үш принциптің ортаға қойылуы салмақ тартатын центрі есептеледі. Үйткені, ол осы ғылыми зерттеудің дұрыс-бұрыс болуын белгілейтін табан тірер тиянағы. Ойлап көрсеңіздер жоғарыдағы басқыштардың қай-қайсыда өткел бермес қиын түйін болып қалмай, келіп шығуынан қарасақта түгелдей жаңа мәселелерге саяды.
Менің ширек ғасыр ізденісім арқылы жарыққа шыққан материя ұғымы өзінің жаңалығы мен құдыреті арқылы құндылыққа ие. Бүгінгі ғылымдағы күрделі, қиын делінетін мәселелер мен тақырыптарды материя ұғымын тіке істету арқылы шешуге әбден болады, үйткені, материя ұғымы материалдық мәселелерді шешетін күшті теориялық құрал. Ең маңыздысы материя ұғымының тіке туындысы саналатын «сапалық байланыс» өз алдына ғылымның із шалмаған тың өңірін ашып бергені күтпеген жетістік екенін ескерткім келеді. Ол математика ғылымымен егіз тұратын, тең тұратын ғылымның жаңа саласы деп бағамдаймын.
Тілші: Бұл ойыңыздың кітап болып шығуынан бастап, қазірге дейін халыққа үгіттеу жағында істеп жатқан жұмыстарыңызды баяндасаңыз.
Еркін Сымағұлұлы: «Бірлік теориясы» немесе «сапалық байланыс» кітабі болсын, оларды зерттеп, кітап шығарып, қытай (ханзу) тіліне аударып, лекция кескінін торапқа шығаруға дейін ұзын ырғасы шерік ғасырдан да ұзақ уақыт сарып етілді. Әрине, бұл менің маңдай тер, табан ақымның бодауына келген төл еңбегімнің аз да болса жемісі деп балаймын. Кітап тың идея көтерген, жаңа мазмұндар болғандығы себепті, оқырман қауымның бірден түсіне алмайтыны айтпай-ақ белгілі. Сөйтіп, ойды-қырды шапқылап жүріп бірқанша жерге айналып лекция жасадым. Сол барған жерлерімді айта кетсем: Алтай қаласы, Іле педагогикалық иниституты, Күйтүндегі Іле кәсіптік иниституты, Қазақстанның ҚазМҰ университеті. Қайсы лекцияны алып айтар болсақ та өте қызықты әрі дабыралы болды. Алайда азғантай авторлардың газет, журнал, торап беттеріндегі берген пікірлері мен бағалары болмаса, кітап шаң басып жабулы күйде ескерусіз қала берді. Сонымен лекция тыңдаған бір студенттің ұсынысы бойынша қайта лекция жасап, лекция барысын кескінге толық түсіріп, торап бетіне шығарып, кең оқырмандардың қалауына ұсынып отырмын. Лекция торапқа көтерілгеннен кейін оқырман, тыңдармандардың қатты аңысын қозғады. Әсіресе, Болат Қаңтарбайұлы деген азаматымыздың жазған «дүмпу тудырған лекция» атты мақаласы, кітап пен оның лекция кескініне азаматтық үн қосып, берген пікірі, бағасы болып, жалпы оқырман тыңдармандардың кітапті көруге, лекцияны тыңдауға шақырған үгіті, жарнамасы болды деп білемін. Осындай жұмыстардың арқасында мәлім бір тораптас компьютер, қолфон арқылы көретін кітаптің електронды нұсқасын жасап үлгерді. Алтай аймағының басшылары кітаптің аңысын естіп, қатысты салалардың кітапты жерлік қазынаның нысандары арқылы қолдауын бұйырды. Алтай аймақтық ғылыми-техника мекемесінің ғылыми-техника жоспар нысанының сарабынан өтіп, үстідегі жылғы нысанға тіркелді. Алтай аймақтық партком үгіт бөлімі қолдау тұрғысынан кітаптың баспадан шығу қаражатын шығарды.
Тілші: Алда қандай жоспарларыңыз бар?
Еркін Сымағұлұлы: Көз алда, кітапты еліміз және шетелге таныту жағында ойға алған болмашы жоспарларым бар. Бірақ, оны жүзеге асыру жалғыз адамның қолынан келмейтіндіктен, сәл де болса қысылып-қымтырылып тұрған жайымды жасыра алмаймын. Солайда, істеуге тиісті істерді екіленуге келмейтіндіктен ойымды бүкпесіз ақтаруды жөн көрдім.
Бірінші: Мәдениет орталығымыз болған Үрімжі қаласындағы мамандарымыздың басын қосып, бір рет ғылыми талқы өткізіп, кітаптың дұрыс-бұрысын анықтау жұмысын міндетті түрде қолға алу керек.
Екінші: Шинжяң университеті, Пекин (Бейжиң) университеті… Қазақстанның ҚазМҰ университеті, ЕВР-АЗЯ университеті… сяқты жоғары оқу орындарына лекция жасау орайын жарату керек.
Үшінші: Кітапті ағылшын тілі, неміс тілі сяқты шетел тілдеріне аударып, Европаның үлкен сахналарында лекция жасау мүмкіндігін тудыру керек.
Тілші: Бұл шығармадан басқа да ізденістеріңіз бар ма?
Еркін Сымағұлұлы: Жақынғы жылдардан бері мен адамның ішкі жан дүниесіне қатысты кітаптарды көріп, оның құпия сырларына қатты қызығып қалғанымды сезіне бастадым. Әуестігім болса керек, кітаптардың дені жәй тілмен жазылған, мазмұны әр алуан, өте түсінікті. Солайда, олардың шынайы мәндік байланысы түзілмеген, терең қатпарларындағы сырлары толық ашыла қоймағандай. Маған бір бөгде ой туындады да, осы ой бір сәт тыныш қоймады. Алла қаласа «бірлік теориясы» немесе «сапалық байланыс» кітаптарының жұмыстары бір белеске көтерілгеннен кейін қолға алуға кезек күттіріп жүрмін.
Тілші: Сұхбатыңызға рақмет!
келу қайнары: халық торабы
ҒАЛАМАТ САЛЫСТЫРУ
біз бір нәрсенің қаншалықты керемет екенін білу үшін, оны басқа бір нәрсемен салыстыру арқылы анықтай аламыз. Егер өзара салыстыру болмаса, дүниедегі әрқандай нәрселердің бөгенайы бір- бірінен парықталмай былығады да, қасиет, ерекшелік, даралық… қатарлы жақтардан ауыз ашу мүмкіндігі жойылар еді. Мәселен, аспандағы ай бізден 384 мың килөметр шалғайда тұрса да, өте үлкендігінен бізге табақтай болып жарқырап көрінеді. Ал аймен салыстырғанда жер сонша үлкен болғанымен, ол күннің қасында зәредей бір болшеқ қана. Ал одан үлкен алып күн жүйесінің өзі құс жолы жүйесімен салыстырғанда, тинамдай бір түйіршік қана болмақ. Ал осы галактикалар шоғырынан құралған өте жойқын метагалактика жүйесі әлемнің кішкентай бір аралындай ғана… міне бұдан әлемнің қаншалықты шексіз үлкен екендігін көруге болады.
Денелердің үлкен- кішілігі, көп- аздығы, берік- бостығы, тез- баяулығы, ыстық- суықтығы, алыс- жақындығы, қатты- жұмсақтығы, арзан- қымбаты, жарамды- жарамсызы, жуан- жіңішкелігі, күшті- әлсіздігі… қатарлы барлық шамалары өзара салыстыру арқылы санаға ұғым болып қатынасып, өзіндік маңызын әйгілей алады. Әсіресе, дүниеге жаңадан келген нәрселер адамдарға тіпті де бейтаныс сезілетіндіктен, оның қасиетын бұрын өзімізге таныс болған нәрселермен салыстыру арқылы ұғыну өте қажет болады. Сонда ғана оның қыры мен сырын түбегейлі ұғынуға жол ашылады. Біз енді еркіннің дүниеге жаңадан әкелген «салапық байланыс» ғылымын бұрын өзімізге таныс Эинштеиннің «салыстырмалық теориясымен» өзара салыстыру арқылы, ғылым сүйер қауымға түсіндіруді жөн көрдік.
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» бүгінгі күндері шоқтығы биік ұлы жетістік екені бәрімізге аян. Ол жарық көргелі, ешқандай адам өзінің ғылми жетістігін онымен салыстыруға дәт етпеген. Ендеше, өз ұлтымыздан шыққан Еркін Сымағұлұлы өзінің «сапалық байланыс» кітабінан жасаған лекциясында Эинштеиннің «салыстырмалық теориясының» мақтан тұтарлық бар асылдарымен өз кітабіндағы қол жеткізген, көзге көрнеу, айшықты тұстарын ашық қатар қойып, өзара салыстыру жасағанына баса мән беруге қақылымыз. Я, сол салыстыру арқылы Еркін Сымағұлұлы өзінің шыт жаңадан көтеріп шыққан ғылми теориялық жүйесі үшін күшті дәлелдемені, және жығылсаң түйеден жығыл дегендей, оқырмандар жағынан ескерусыз келе жатқан айтулы кітәбінің, маңызы мен мәнін ерекше атап отырғаны, бізді ойландырмай қоймайды. Ең әуелі біз Еркін Сымағұлұлының өз еңбегін «салыстырмалық теориясымен» тіке салыстырған, өзгеден асқан батылдығына сүйініш былдырумен қоса, оның ортаға қойған дәп басар негіздерін ой таразысына салып көрейік.
1. Көтерген идеясі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» әлемнің салыстырмалы идеясын көтеріп шыққан؛ Ал Еркіннің «сапалық байланыс» кітабі дүниенің бірлік идеясын алға қояды. Сондағы салыстырмалы идеясы әлемге тән қасиет болып, әлемнің сырын ашып берсе؛ Ал бірлік идеясі дүниеге тән қасиет болып, дүниенің сырын ашып береді.
2. Негізгі жетістігі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясының» қол жеткізген ұлы жетістігі E=MC2؛ Ал «сапалық байланыстың» көрнекті нәтижесі мәтериа ұғымы. Екеуіндегі ортақтық мәтерианы өзек етеді, әрі мәтерианы таяныш тұтады. Алдыңғысы дүниенің екі тектілігін дәріптейді. Яғни, мәтериа мен энергя. Соңғысы дүниенің төрт тектілігін көлденең тартады. Яғни, дүниенің төрт тегі: Зат, әлем, жазмыш және болмыс.
3. Зерттеу обиектісі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» уақыт- кеңістік байланысын өрнектейтін ғылым؛ Ал «сапалық байланыс» кітабі дүниенің түбірлі байланыстарының бірлігін өрнектейтін ғылым. Зерттеу обиекті тұрғысынан қарағанда, алдыңғысы нақтылыққа, ал соңғысы жалпылыққа саяды.
4. Ғылми жүйесі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» Нютон динамикасы жүйесіне өзгерыс енгізеді؛ Ал «сапалық байланыс» болса жаратылыс ғылымның ғылыми жүйесінен бостық іздестіріп, толықтама жасайды. Өйткені, жаратылыс ғылымының қаңқасы мәтериа танымымыз негізінде барлыққа келген. «Сапалық байланыс» кітабі кемелді мәтериа ұғымын ортаға қойғандығы үшін, мәтериа жайінда шынайы да ғылыми танымды алып шығады. Жаратылыс ғылымның қаңқасы әрине осы мәтериа ұғымы бойынша кем- кетігін қайта толықтауға тиісті.
5. Ғылыми негізі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» екі приенсипты ортаға қояды. Олар: Бірінші приенсип, жарық жылдамдығы абсолютты жылдамдық. Екінші приенсип, физиканің қағида заңдылықтары қалаған фараметрлік ортаға тегіс істейді؛ Ал «сапалық байланыс» үш приенсипты ортаға қояды. Олар: Бірінші приенсип, мәтериа дегеніміз мәтериа факторының бірлігі. Екінші приенсип, дүние – жаратылыс тегінің бірлігі. Үшінші приенсип, мәтериа – жаратылыс елементінің бірлігі. Мейлі «салыстырмалық теориясы» немесе «сапалық байланыс» болсын, олар осы приенсиптерді өздерінің ғылми негізі, аксиомалық арқауы етеді.
6. Зерттеу тәсілі
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» екі өлшемді кординат өсін, үш өлшемді кординат өсіне жөткеу тәсілін қолданады. Ал «сапалық байланыс» кітабі дәстүрлі материалдық жіктеу тәсілінің кемшілігін толықтау мақсатымен, бейматериалдық жіктеу тәсілін қолданып, нәрселерді бүтіндеп тұрған деталдарды бүге- шігесіне дейін қазбалап жіктейді.
7. Қол салып қадалған жері
Эинштеиннің «салыстырмалық теориясы» Нютон динамикасының 2 заңынан қол салып, формуланы түрлендіру жолымен, одан ары дамытады. Ал «сапалық байланыс» кітабі материаның бойынан қол салып, оның ішкі бөлігін тереңінен қазбалайды. Сонымен материаны бүтіндеп тұрған деталдарды толығымен сүзіп шығады.
8. Тақырып пен шешім
Эинштеин өмірінің соңғы кезінде «бірлік майдан теориясын» ортаға қояды. Бірақ оны шеше алмай, соңғыларға зерттеу тақырыбы ретінде мирас қып қалдырады. Ал «сапалық байланыс» кітабі сол бірлікті ұйтқы ету арқылы, ең соңында «бірлік теориясын» тіктеп шығады.
Құрметты ғылым сүйер азаматтар, жоғарыдағы сегіз жақтағы салыстыру адам баласының тісі батпайтын, қиын түйіндер екендігі айтпаса да түсінікті. «Сапалық байланыс» кітабі тайға таңба басқандай күшті дәлелін бізге көрсетіп бере алды. Басқаны айтпаған күнде де, осының өзі жетерлік-ақ. Енді анадай-мынадай деп үзіп- жұлып пікір айтқаннан гөрі, азаматтық үнімізді қосайық. Мақтанарлық жайіміз жарасса, осыны мақтаныш етейік! өздеріңнен әділ баға күтеміз, ұлтжанды бауырластар!!
Болат Қаңтарбайұлы