Қорғаныс министрлігі Ресейден жойғыш ұшақтар сатып алды

2
68

Қарулы күштер күшейтіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі соңғы онжылда болмаған ірі келісім-шарт жасап, Ресейден Су-30 ұшақтарын сатып алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қорғаныс министрлігі Ресейден жойғыш ұшақтар сатып алды

Мұндай жойғыш ұшақты Мәскеу бұрын-соңды бірде-бір елге ақшасына да бермеген. Төрт Су-30 бюджет үшін 75 миллион долларға шыққан.

Бұл қаржыға ресейлік мамандар біздің әскерилерді жойғыш ұшақты басқаруға да үйретпек. Қазір бір топ офицерлерден құралған ауқымды делегация Иркутскдегі зауытта жүр. Оның біразы осында қалып, әуе көлігінің қыр-сырымен танысып, тәжірбие жинақтайды.

Қорғаныс министрлігі төрт Су-30-бен шектелмейтін секілді. 2020 жылға дейін тағы 32 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.

Осы кезде, келісім-шарттың құны 2 миллиард долларды құрамақ. Жаңа жойғыш ұшақтардың алғашқы бөлігі мамыр айына дейін жеткізіліп, Талдықорғандағы әуе базасының қарамағына беріледі.

Источник: КТК

2 ПІКІРЛЕР

  1. өзінің ұшағының жағдайын өздері жақсы біледі. ертең бұл ұшақ соларға ұшу керек болса, біз оп оңай құлайтынымыз сөз сіз

  2. бұларға араласып қайтеміз. біреуінің қалтасы қампаяиын деп тұр ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз