Қостанайда полицей есірткі тұтынатын әйелді жасамаған қылмысын мойындауға мәжүбірлеген

2
34
Қостанайда қылмыстық полиция бөлімінің жедел өкілетті қызметкері жалған қылмыстық істі ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Қостанай қалалық ІІД президентті күзету қызметіндегі криминалдық полиция бөлімінің жедел өкілетті қызметкері (полицияның аға лейтенанты) Я есімді азаматшаның есірткіге тәуелділігін пайдалана отырып, ақша немесе есірткі түріндегі сыйақы беретінін айтып, «өзгенің мүлкін ұрлау туралы қылмысты ойдан шығарып, шағымдануы керектігі жайлы» ұсыныс жасаған.

Әйел «жәбірленуші» тұлғаларды, «жоғалған» заттарды — қылмыс нысандарын тауып беруі тиіс болған. Кейіннен қылмыстық тергеуді екі жақтың өзара татуласуына байланысты тоқтату жоспарланып қойған.

Ұсталған азамат сот үкімімен қылмыстық кодекстің 308 бабы, 4 бөлімінің «в» тармақшасы, 348 бабының 2 бөлімімен (қызмет бабын асыра пайдалану) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталды.

Оған 3 жылға сынақ мерзімімен қылмыстық жаза тағайындалды. Онымен бірге, ол мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарында 3 жылға дейін қызметке орналасу құқығынан айырылған. Қылмыстық кодекстің 50-бабына сәйкес, полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. шамның көлеңкесі өз тұбіне түседі… бұлардың жасаған қылмысын тексеретін адам жоқ. бұл ашылып қалған біреуі ғана.

  2. осындай орайды мықты ұстап, оларды жақсылап тұрып сығып алу керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз