
АҚШ-тың Джорджия штаты Дугласвилл қаласында жекеменшік үйдің маңында атыс болып, салдарынан төрт адам, соның ішінде екі бала мерт болды, деп хабарлайды Bnews.kz.Жергілікті полиция өкілдері мәлімдегендей, атыс ұйымдастырған қылмыскер соңынан өзін-өзі атып өлтірген. Жарақат алған тағы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Қылмыскердің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөні мен жасы жария етілмей отыр.
Айта кетсек, халқы 30 мың адамға жуықтайтын Дугласвилл қаласы Атланта штатының астанасынан батысқа қарай 32 км қашықтықта орналасқан.
По сообщению сайта Nur.kz