ЕЛ АҒАЛАРЫ ЕЛДІ ТЫНЫШТАНДЫРЫП, ҚАНІШЕРДІҢ ӘДІЛ ЖАЗАЛАНУЫН ТАЛАП ЕТУІ ТИІС!

0
55

ТЕК ӘДІЛ ЖАЗА ҒАНА ЕЛ БІРЛІГІ мен ЫНТЫМАҒЫНА СЫЗАТ ТҮСІРМЕЙДІ.

Сарыағашта не болып жатыр?!. Астана Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесін  бастап жатқанда ордалы Оңтүстікте, сан ұлттың саясына айналған Сарыағашта халық көшеге шығып, біреудің жалғыз ұлы Б. Артықовты өлтірген қанішер Нарметовты тауып беруді талап етуде. Бір қанішердің кесірінен қанша жыл қатар өмір сүріп келе жатқан екі ұлттың арасына от түсті… Мұндайда, жазықты жақ өз қылмыскерлерін заң орындарына өздері ұстап беріп, жазалануы керек! Сонда халықтар арасындағы тұтанған өрт басылады.
Біреудің жалғыз ұлын пышақтап өлтірген Нарметов тұтқындалды ма? ОРДА БҰЗАР ОТЫЗЫНДА ҚАНІШЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ЖАЗЫҚСЫЗ ҚАЗА ТАПҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫ – СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ, БАУРЫҢЫЗ, ЖАРЫҢЫЗ деп ойлаңыз… СОНДА ҒАНА СЕЗІНЕСІЗ АУЫР ҚАЙҒЫНЫ…
Заң орындарының жұмысы қаны қайнап көшеге шыққан қазақ жастарын топырлатып қамаумен, айналып келіп жаны күйзелгендерді жапа шектірумен ғана шектеле ме?!. Жоқ, қанішерді тауып, заңға лайықты жазасын бере ала ма? “Ұрысы мықты болса, иесі жазықты болады”-дегендей, дәл осы барлық ұлтаралық қақтығыстарды жапа шеккен қазақтарды жазалаумен аяқтау саясаты – түбі опа таптырмайтынын біздің билік, заң орындары енді мықтап ойланып, әділдікті қолға алатын кезі жетті!

Әзірге  белгілі болғандай, Ынтымақ аулына аудандық полиция келген, арнайы мақсаттағы күштер мен СОБР  енгізілген.  Электр өшіріліп, интернет өшіріліп, ұялы байланыс жұмысы үзілген. Оңтүстіктің басқа аудандарында да, облыс орталығы Шымкентте де интернет жоқ. Телефон соғып, мазасыз алаңдап жатқан ел көп…

ҚазТАГ агенттігіне Қазақстан ІІМ қоғамдық кеңес мүшесі Сейтқазы Матаев мәлім еткендей, “Сарыағаш ауданында шиеленіс орын алды. ОҚО облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жергілікті билік ауылға келіп, шиеленісті ырықтандыруда жедел шаралар қабылдады, ауыл ақсақалдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық қорғау органдары тексеру бастады”.

Астанадан жұма күні түске дейін ІІМ басшылығы осы қақтығысқа қатысты ресми түсініктеме береді деп мәлім еткен. Әзірге үн жоқ, ал ел ішінде түрлі әңгіме өршіп тұр…

Біздің айтарымыз, Ішкі істер министрлігі мен  ақпарат құралдары мұндайда шын, нақты ақпаратты дер кезінде беріп отырса, ел ішінде ылаңданып кететін өсек өрті басылады.  ЖАРАНЫ  ЖАСЫРСАҢ – ЖАРЫЛАДЫ, ЕМДЕСЕҢ, ЖАЗЫЛАДЫ.

БҰНДАЙ ӨРТТІ БАСУҒА АҚСАҚАЛДАР КІРІСІП, ЕЛ АҒАЛАРЫ ЕЛДІ ТЫНЫШТАНДЫРЫП, ҚАНІШЕРДІҢ ӘДІЛ ЖАЗАЛАНУЫН ТАЛАП ЕТУІ ТИІС! ТЕК ӘДІЛ ЖАЗА ҒАНА ЕЛ БІРЛІГІ мен ЫНТЫМАҒЫНА СЫЗАТ ТҮСІРМЕЙДІ.

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз