Қытайдағы қазақ азаматы тауып алған алтын $830 мыңға сатылды

0
334

Қытайдың Алтай аймағы Шіңгіл ауданында тұратын қазақ жігітінің салмағы  8 келіге жуық саф алтын тауып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Қытайдағы қазақ азаматы тауып алған алтын $830 мыңға сатылды
Қытайдағы қазақ азаматы тауып алған алтын $830 мыңға сатылды
Енді қандасымыз тапқан 8 келі алтын 5 миллион юанға(830 мың АҚШ доллары мөшерінде) сатылды, – деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

Қытай заңында кесек көлемдегі алтын мен бағалы заттар үкіметке тәуелді болуы керек деген тармақ бар. Осыған қарамастан, ғаламторда жүргізілген сауалнамаға қатысқан 60 мың қандасымыздың 97%  алтын тауып алған адамға тәуелді болуы керек деген шешімді қолдаған.

Сонымен, соңғы шешім көпшіліктің қалауы бойынша болып, 8 келі алтын 5 миллион қытай юанына сатылды. Әлемде мұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездеседі екен.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз