Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған ескерткіш күміс монета айналымға шықты

2
207

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы (Астана қаласы) 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік, туылғанына 100 жыл толу құрметіне арналған «Шәкен Айманов» ескерткіш күміс монетасының айналымға шығарылғандығы туралы хабарлады.

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған ескерткіш күміс монета айналымға шықты

«Шәкен Айманов» ескерткіш монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар.

Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) кинолента кадрындағы Шәкен Аймановтың бейнесі және мемлекеттік тілде «Шәкен Айманов» деген жазба орналасқан.

Төменгі бөлігінде туылған жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1914-2014» деген сандар бар. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

Қазақ кинематографын Шәкен Айманов есімінсіз елестету мүмкін емес. Ол театр мен киноның негізін қалаушылардың қатарында болды, оркестр-адам, тамаша суырып салма әртіс, театр режиссері, киноактер және кинорежиссер, ұлттық кинематографтың негізін салушы болды.

Источник: ИА «Казинформ»

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз