Израиль мемлекеті ресми түрде қазақ ұлтын «ұстаз-халық» деп мойындауды ұсынды, – деп жазадыnur.news.kz.
Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақтың астында татулық пен ынтымақтың туын желбіретуде. Және қазақстандағы еврей диаспорасы ешбір мұқтаждық пен қысымдық көрмей өмір сүруде. Осыған алғыс ретінде Израильде қазақ ұлтын «ұстаз-халық» деп мойындайды дейді еврей мәдени-ағартушылық, қоғамдық -саяси «Алеф» орталығының өкілі Николай (Нахум) Горбунов.
Израильде «әлемнің ұстазы» болуға лайық ұлтқа ескерткіш мүсін орнатып, құрметіне ағаш отырғызу дәстүрі бар. Олар ұлты еврей емес, қиын-қыстау кезеңдерде олардан көмегін аямағандар. Мысалы, ҰОС кезінде Белорус әйел бірнеше еврей балаларын басына төнген қауіптен жасқанбай фашисттерден құтқарып қалады. Оның құрметіне Израиль көшелерінің біріне ескерткіш мүсін орнатылып, есімі алтынмен әптеліп жазылған және ағаш отырғызған. Ол ағаш Иерусалим көшелерінің бірінде әлі жайқалып тұрған көрінеді. Қазіргі уақытта аталмыш құрметті мәртебені «қазақ» ұлтына беру жобасы талқылануда. Алғашқыда бірнеше үміткерлер болған. Бірақ, еврей қалқының жоғары мәртебесіне, адамзаттың ұстазына бірден бір лайықты ұлт «қазақ» деп тапқан.
Аталмыш орталықтың жетекшісі Н.Горбунов: «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы Ассамблеясы өте маңызды рөл атқарды. Израилде Қазақ көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатын ерекше бағалайды»-дей келе, орталық жетекшісі, белгілі журналист Моисей Гольдберг: » Нұрсұлтан Әбішұлының Ассамблея жұмысын тікелей қадағалап отырғанының нәтежиесінде барша ұлт пен ұлыс өкілдері тыныштықта өмір сүруде. Кез келген мәселені жиналып, дөңгелек үстел барысында ортақ талқыға салуға, дұрыс шешім қабылдауға болады»-деді.