АН-2 ұшағынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға ай сайын 750 мың теңге төленеді

0
342
АН-2 ұшағынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға ай сайын 750 мың теңге төленеді
Әсем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Үкімет тарапынан тағайындалған комиссияның Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының себеп-салдарын тексеру жұмыстарының соңғы шешімін күтпестен, апатқа ұшырағандардың отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інің 3 жақты: жұмыс беруші, жұмыскерлер және кәсіподақ ұйымының біріккен ұжымдық шартында көрсетілгендей, жұмыс кезінде қаза тапқан жұмыскерлердің отбасына, асыраушысынан айырылған жағдайда орташа жалақының 10 жылдық үстемақысы бірден төленеді.

Сонымен қатар, қайтыс болғандардың кәмелетке толмаған балаларына кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын тұрақты жәрдемақы тағайындалады.

Әсем Шаяхметоваға емі аяқталып, жазылғаннан кейін, емнің жалпы сомасы анықталған соң төлемақы төленеді. Компания барлық емдеуге кеткен шығынды өз мойнына алады. Сонымен қатар Әсем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады.

Компания бірінші күннен бастап Әсем Шаяхметованың ата-анасының Астана қаласында тұруын қамтамасыз етуде. Әсемнің емі біткенге дейінгі жалға алған ата-анасының пәтерақысын компания төлейтіндігі туралы шешім қабылданған. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу және ұйымдастыру шығынын да компания өз мойнына алған болатын.

Еске сала кетейік, апатқа ұшыраған АН-2 ұшағынан аман қалған жалғыз жолаушы Әсем Шаяхметова «Қазақмыс» басшылығынан  өзіне үй алып беруін сұраған болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз