Мамандар балабақшадағы сәбилерге жемқорлық жайлы айту қисынсыз деп есептейді

2
62
Мамандар балабақшадағы сәбилерге жемқорлық жайлы айту қисынсыз деп есептейді
Мемлекеттік қызмет істері бойынша және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жемқорлыққа қарсы күресті балабақшадан бастау керек деген ұсынысын мамандар қолдаған жоқ.
Жаңа ұсыныс бойынша, жемқорлық туралы балабақша мен мектеп және жоғарғы оқу орындарында айтылу қажет. Осыған орай, тиісті жүйе дайындалуда. Қазақстандағы білім беретін мекемелерге сабақ барысында жемқорлықтың алдын алуға қатысты мәліметтерді бөлісу туралы хаттар жіберілмек.

Агенттік мәліметінше, жемқорлық туралы «Өзін өзі тану», «Адам және қоғам», «Құқық негіздері» пәндерінде айтылу қажет. Болашақта жемқорлықтың алдын алуға арналған арнайы пән де оқу бағдарламасына енгізіледі деп жоспарлануда.

Алайда, балабақша тәрбиеленушілеріне жемқорлық туралы айту қисынсыз деп есептейді мамандар. Қостанайдағы балабақша басшылары кішкентай бөбектердің жемқорлықтың не екенін түсіне қоятынына күмәні бар.

Қаладағы мектеп-балабақша гимназиясының директоры Раушан Мадинаның айтуынша, балабақшаға мұндай пән енгізуге мүлде ерте.

«Біріншіден, балалар жемқорлық дегеннің не екенін түсінбейді. Әрине, олар ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінеді. Алайда, бұлай алысқа кетуге болмайды. Тәрбиешілердің мұны басқа жолмен ұғындырғаны дұрыс. Мәселен, көркем шығармалар мен ертегі оқу арқылы жақсы мен жаманды түсіндіруге болады. Бірақ жемқорлық… Бұл балаларға түсініксіз. Тіпті, жеңілдетіп айтар болсақ та, оларға нақты деректі келтіруге тура келеді», — дейді директор Раушан Мадина.

Ал мемлекеттік қызмет істері бойынша және жемқорлыққа күрес агенттігінің жетекші маманы Әсел Мұсағұлова мұны басқаша түсіндіреді.

«70 жылдары Гонконгте жемқорлыққа қарсы күресті балабақшадан бастаған. Бұл тегіс ұрпақты мұндай теріс жолдан сақтандыруға себеп болды», — дейді ол.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. мүмкін оларға адам өлтірмеу керек депте үйрету керек шығар бұл данышпандардың ойы бойынша.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз