Жамбыл облысында қалааралық қатынайтын автобус апатқа ұшырап 10 адам қайтыс болды

0
338

Жамбыл облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қалааралық қатынайтын автобус жол апатына түсіп, 10 адам қайтыс болған.

Жамбыл облысында қалааралық қатынайтын автобус апатқа ұшырап 10 адам қайтыс болды

«Жол-көлік оқиғасы сенбі күні Шығанақ (Жамбыл облысы) станциясынан 20 шақырым жерде болған. Белгілі болғандай, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай аударылған. Салдарынан 10 адам қаза тапты», – деп хабарлайды дүйсенбі күні агенттік дереккөзі.

Дерек көздеріне қарағанда автобуста 40 адам болған. Жол-көлік оқиғасында 10 адамның қайтыс болғанын Жамбыл облысының ІІД растады деп нақтылайды КазТАГ.

Автобус Астанадан Шымкентке бағыт алған. Ол жолдағы көктайғақтың әсерінен аударылып, жырға түсіп кеткен деп мәлімдеді Tengrinews.kz.

Құтқарушылар тобы апаттан зардап шеккен 4 адамды Приозерскінің қалалық ауруханасына жеткізген. Олардың ішінде 3-уі ер адам, бірі  – Қырғызстан азаматы. Жолаушылардың арасында аяғы ауыр келіншек болған.

Қазір әйел мен ер адам Балхаш ауруханасына ауыстырылған. Ал келесі бір зардап шеккен жолаушы туысқандарының өтінішімен Алматыға емделуге жіберілген.

Ал Қырғызстан азаматы тексерілгеннен кейін емханада ем қабылдауға жіберілді. Берілген ақпаратқа сәйкес дәрігерлер  аяғы ауыр әйелдің баласын аман сақтап қалған.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз