Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара

2
169

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту туралы ұсынысы жалпыхалықтық қолдауға ие болып, еліміздің түкпір-түкпірлерінде маңызды датаны атап өтуге арналған шаралар басталып кетті.

Қаңтар айының өзінде бірнеше отырыстар өтіп, шараны өткізу жоспарлары талқыланды. Ғалымдар мен қоғам қайраткерлері ұсыныстарын білдіріп, ойларын ортаға салды.

Нәтижесінде шаралар барысы пысықталып, жалпыхалықтық деңгейде атап өтуге арналған жоспар бекітілді. Назарларыңызға мемлекет тарапынан бекітілген жоспарда өтетін бірқатар шаралар легін ұсынамыз.

Наурыз

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры «Ант» қойылымын ұсынады. Қойылымда Қазақ Хандығының көрнекті қайраткерлерінің тарихи рөлі мен тұлғалық қасиеттері көрсетіледі.

Сәуір 

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Мәдениет және спорт министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақ Хандығының 550 жылдығын насихаттауға арналған «Алтай-Дунай» экспедициясы ұйымдастырылады. Экспедиция өз жұмысын Шығыс Қазақстан облысынан бастап Мажарстан еліне дейін жалғастырады.

Сәуір

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған алғашқы айтыс өтеді.

Мамыр 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Қазақ Хандығының құрылуындағы Түркістан қаласының рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Маусым

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Ұлытау ауданында Бұланты шайқасына арналған стелла орнатылады. Бұл шара нақты 20-21 маусым күндерінде өтпек. Шара аясында мұрағат құжаттарының негізінде Бұланты шайқасына арналған кітап жарыққа шығады.

Маусым

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Керей – Жәнібек» спектаклінің премьерасы өтеді. Тарихи тұлғалардың рөлін көрсететін бұл қойылым 27-маусым күні өтеді деп жоспарланған.

Шілде

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Астана қаласында 5-шілде күні қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді. Турнир кезінде балуандар Президент кубогін сарапқа салады.

Шілде

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара

Ұлттық банк Өскемен қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арнап ескерткіш монеталарды жарыққа шығарады.

Тамыз

Шығыс Қазақстан облысының ең көрікті мекені – Қатонқарағай жерінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумы өтеді. Форумды ШҚО әкімдігі ұйымдастырмақ.

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 шара
Тамыз

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында республикалық ақындар айтысы өтеді. Шараны БҚО әкімдігі ұйымдастырады.

Айта өтейік, Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған әр айдағы шаралар мұнымен шектелмейді. Әр айдың өзінде бірнеше конференциялар мен экспедиция жұмыстары, ақындар айтысы, спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Источник: BAQ.KZ

2 ПІКІРЛЕР

  1. өте дұрыс. бірақ, жыл бұрын дайындық көру керек еді, аяқ астынан ткізе салатын жылда келетін мереке емес қой

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз