Ақтөбеде сырғанақ тебуге кеткен 10 жасар бала үйіне оралмаған

0
369

Ақтөбеде сыныптастарымен сырғанақ тебуге кетіп, бір тәулік бойы үйіне оралмаған бала бір тәуліктен кейін бірақ табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады.

Ақтөбеде сырғанақ тебуге кеткен 10 жасар бала үйіне оралмаған

Облыстық ІІБ хабарламасына сәйкес,ағымдағы жылғы 7 ақпанда Сазды ПБ кезекші бөліміне 59 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сол күні сағат шамамен 16.00-де кәмелеттік жасқа толмаған немересі Қазбеков Ислам үйінен ойнауға шығып кетіп, осы күнге дейін келмегенін айтқан.

Ата-аналарының айтуынша, Ислам сыныптастарымен бірге 11 мөлтек ауданындағы №35, 32 мектептер аумағына коньки тебуге шығып кетіп, оралмапты.

Аталған хабарламаны алған соң Сазды ПБ жеке құрамы 10 жастағы Исламды іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын бастаған.

Патрульдеу кезінде 8 ақпанға қараған түні сағат 00.20-да Ақтөбе қаласы ІІБ бастығының орынбасары Алдамжаров Нәби Жаңабайұлы «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық кешенінің артында орналасқан сырғанақтың жанындағы жолда ата-анасыз кетіп бара жатқан баланы көріп, полиция полковнигі Н.Алдамжаров оның жанына барып атын сұраған. Бала оған Ислам деп жауап берген», – деп нақтылады Ішкі істер департаментінен.

Бала табылған соң Сазды ПБ әкелініп, ата-анасына табысталған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз